Туған жердің тарихы тереңде
Мыңжылдықтар көшіндегі дала демократиясының мән-маңызын жан-жақты зерделеу арқылы өз-өзімізді тануға болады. Ол үшін ұлттық тарихты, өлкетану тарихты тану маңызды.
Тұлғатану, өлкетану бағытында тағылымды ойларын ортаға салып жүрген аудан басшысы Руслан Рүстемовтің facebook-тегі жазбалары жұмысқа ерекше екпін беруімізде шабыттандыруда. Әкімнің руханият, өнер, білімге қатысты тың идеялары мен жаңа жобалары, танымдық тапсырмалары біздің жұмысымызды жүргізуге ерекше серпін бергендей.
Мектеп оқушыларының сыныптан тыс уақытын тиімді пайдалану, жан-жақты дамыту, пайдалы дүниелермен айналысуға, ғылыми жобалар қорғауға, өлкенің тарихын тануға бағдарлап келеміз.
Менің тәлімгерлік салам – «Туристік өлкетану». Сондықтан тарихи орындардың маңызы жөнінде зерделеп, саяхаттар ұйымдастыруға мән беріп келеміз.
Шынында, Жаңақорған ауданының аумағында дала өркениетінде маңызды рөл атқарған қалалар көп. Соның бастысы – Сығанақ қаласы.
Аудан басшысы Руслан Рүстемұлы «Тарихи орындардың қадірін білейік» атты мақаласында жазғанындай, Сығанақ қаласының стратегиялық һәм саяси мәні 2 мың жылға жуық Ұлы даланың саяси орталығы болғанынан көрінеді. Яғни Қыпшақ хандығының (ХІ-ХІІ ғасырлар), Ақ Орданың (ХІІІ-ХІV ғасырлар), Әбілқайыр хандығының (ХV ғасыр), Қазақ хандығының (ХVІ ғасыр) астанасы болды. Тарихшы Бүркіт Аяған ағамыз Сығанақ қаласының аты мәшһүр болуының екінші себебі ретінде Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда-экономикалық орталығы болды.
– Археолог-ғалымдардың назарын Аққорған, Құмиян және Өзгент қалашығына аударғым келеді. Осыдан бес жыл бұрын Құмиян қалашығының 2-3 метр құрайтын қабырғарын көрген едім. Бүгінде сол қабырғалар құлап, таусыла бастапты. Сауран қаласының қабырғаларын бекітіп қойған тәсілді қолданып, Құмиянның қабырғаларын сақталуына көңіл бөлуіміз тиіс. Ал Өзгент қаласына археологтардың табаны қашан тиеді екен, ә?! Топыраққа көмілген қаланың әр жерінен тұрғындар тиын тауып алғанын талай рет естідім. Бұл жөнінде жаңақорғандық тарихшы, нумизмат Әлімжан Ержановтың өзі де қуаттайды. Жалпы Өзгент өркениет орталығы болғаны аян. Бұл сөзімізге орта ғасырлық қаламен іргелес жатқан Хорасан ата, Қылышты ата, Төлек ата, Қасым ата, Қойлақы ата, Қылауыз ата, Бақсайыс баба кесенесі дәлел болады. Белгілі дін ғұламалары елсіз-жерсіз жерде өмір сүрмейтіні анық қой! Олар Өзгентті мекен етті. Өзгент қаласы және оған іргелес жатқан қоныстардың халқына ілім үйретті. Бұл қисынға келеді. Солай емес пе? – деген әкімнің сөзіне алып-қосарымыз жоқ.
Расында Өзгент қаласына мән беретін кез келді. Бәрінен бұрын, көне шаһарға дейін жетудің инфрақұрылымын шешу аса маңызды болып тұр. Оқушыларды өлкетану саяхаты аясында Өзгентке алып бару қиын. Өйткені жолы нашар.
Ескерткіштер мен қорғаусыз қалған қасиетті мекендердің зерттеушісі, Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нәбихан Шалаповтың Құмиян қала-шығының қабырғаларына алаңдаушылық білдіріп жүргенін талай рет естідік. Тарихи қоныстың биік қабырғаларын сақтап қалу да аса маңызды іс деп білеміз.
Яғни тарихи орындардың құндылығын терең түсіне отыра, оларды сақтауға, қайта жаңғыртуға мән беруіміз тиіс. Сонда ғана жастардың танымдық көзқарасын шыңдап, тарихқа, өлкатануға қызықтыруға жол ашылады. Ал, өзінің тарихын таныған жастар елдің дамуына лайықты үлес қоса алатыны ақиқат.
Осы орайда, өзім бағдар беретін Акторғын Қабылбай, Гүлназ Таубай, Динара Амантай, Ақдидар Құрмантай, Айғаным Зұлхарнай, Шұғыла Әбілбек, Алым Ақдидар сынды
тарихқа құштар жеткіншектер Манап Көкенов, Адырбек Сопбеков, Айдархан Бибасаров сынды тұлғалардың еңбектері арқылы қасиетті мекендерді зерттеуге ықылас танытып келеді. Білімпаздар Қаратау тауының қатпар-қатпар тарихына үңілуді ұмыт қалдырмай, өлкенің тарихын қатарластырына насихат келеді.
Ақын-жазушылардың рухани мұрасы мен өлке тарихын насихаттайтын байқаулар жиі ұйымдастырып, тұлғатану мен өлкетану ілімін жандандыруға мән берілсе деген ұсы-нымысыз бар. Сонда мемлекетшіл жастар қалыптасып, елдің дамуына үлес қосар еді.
Зухра ӘЛІМБЕКОВА