№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҚҰРАЛАЙ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙДІ

ҚҰРАЛАЙ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙДІ

Өзінің адамгершілік асыл қасиеттерімен, жұмысқа деген жауапкершілігімен, көпшілікпен тіл табыса алатын мінезімен ерекшеленетін адамдар көп. Солардың қатарына Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкер- әдіскері Құралай Дәрменованы жатқызуға болады.

1981 жылы Балтакөлде туды. 2004 жылы Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірді. 2005 жылдан мамандығы бойынша музей саласында қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде аудандық өлкетану музейінде «Қазан төңкерісіне дейін және соғыс жылдарында», «Тәуелсіз Қазақстан», «Мәдениет, әдебиет және өнер» залында ішінара өзгерістер енгізіп, экспонаттар жинақтады. Осы істерде Құралайдың да еңбегі сіңді.
Кейіпкеріміздің жергілікті жердің бай тарихын зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізудегі талпынысы қуантады. Мәселен, «Ортағасырлық Сығанақтан табылған теңгелер тарихы» атты мақаласы «Мәдениет» журналында жарияланды. Онда музей қорындағы археология мен нумизматикалық жәдігерлерге тоқталды. Ұлы Дала еліндегі Сығанақ қаласының мән-маңызы терең жазылған «Сығанақтан тәбәрік», «Сығанақ керамикасы» және т.б мақаласы «Мәдени мұра» журналына шықты. «Ұлы даланың мұрасы – музей», «Отан деп соққан жүрегі» мақаласы «Әлімсақ» журналына арқау болды. Жергілікті басылым – «Жаңақорған тынысы» газетімен тығыз қарым-қатынас ұстап, мақалалары жиі жарық көреді.
Одан бөлек, ғылыми конференцияларға қатысып, пайымды пікірін ғылыми ортаның назарына салып жүр. 2016 жылы Алматы қаласында «Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының өзекті мәселелері: өткені, бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Музей – халық қазынасы» баяндама дайындап, жинаққа енгізілді. Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай «Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Өз мамандығын жетік меңгерген Дәрмен Құралай облыстық, аудандық деңгейдегі рухани-мәдени шараларда тақырыпқа қатысты көрме жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысып жүреді. Әрі мұндай қызметі ескерусіз қалмай, марапат биігінен де көрініп жүреді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының, аудан әкімінің, аудандық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хатымен» бірнеше рет марапатталуы соның айғағы.
– Дәрмен Құралай нағыз патриот адам. Қызметіне адал, бір істі аяғына дейін жеткізетін білікті маман. Сондай қасиетімен әріптестері арасында сыйлы, көпшілік алдында беделді, – деді Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нәбихан Шалапов.
Отбасында 6 баланы тәрбиелеп, шаңырағының шаттығын келтіріп, бақытты отбасының берік ұстанымын насихаттап жүрген жанға қарап, «әлемнің кілті әйелде» екенін ұғына түстік.
Мақпал МАРҚАБАЙ
12 шілде 2020 ж. 1 056 0