Музейге мән беру маңызды іс

1904 жылы екі жылдық мектеп ретінде пайдалануға берілген қыш мектептің ғимаратында орналасқан музейдің мәселелері аз емес. Өлкенің тарихын танытатын мекемеге ең бірінші заманауи ғимарат керек.
Аудан әкіміне музейдегі залдарды директор Нәбіхан Шалапов пен музей қызметкері Бағдәулет Таждинов таныстырды.


– Сыр өңірінің өзге аудандарында екі-үш музейден жұмыс істейді. Ауданның кешегісі мен бүгінің танытатын музейге жағдай жасау жағы кемшім тартып тұр, – деді Набихан Шалапов.
– Әрине, музейге қамқорлық танытуымыз тиіс. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргіземіз, – деді Руслан Рүстемов.
Сосын әкім қолда бар мүмкіндікті пайдаланып әрбір залдағы экспонаттарды жаңартып отырудың маңызын ескертті.