№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлы даланың кереметі – Сауран қаласы

Ұлы даланың кереметі – Сауран қаласы

Ұлы Жібек жолының бүгінгі жалғасы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының Қызылорда мен Түркістан облысы түйісетін тұста орта ғасырлық өркениеттен хабар беретін Сауран қаласын көресіз. Ғасырлар өтсе де көне шаһардың қабырғалары ұзақтан менмұндалайды. Онда алғаш рет 1998 жылы аяқ тиді. Ол кезде қаланың қабырғалары сақталғанымен, аумағы топырақтың астында-тұғын. Сосын 2014 жылы қайта бардым. Байқағаным көне шаһарда археологиялық жұмыстар жүргізіліп, қаланың бірқатар бөлігі ашылған-ды. Одан кейін де ауданға келген қонақтармен Сауранға бірнеше рет барып, таңғалғаным бар.
Археологиялық зерттеулер кезінде медресе мен кәріз құбырларының орындары табылды. Сондай-ақ шаһарда болған жұма және айт мешіттерінің қалдықтары қазылып, олардың сақталған бөліктері қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазба кезінде шаһардың бас қақпасы мен оның сыртынан қазылған орға салынған аспалы көпірдің тұғырлары табылды. Қорғаныс қабырғасын қоршай қазылған терең ордың ішіне кезінде су жіберілгені белгілі болды.
Бізді қатты қызықтырғаны, қаланы суландыру жүйесі еді. Сол кезде Қаратаудың бұлақтарын ауызсу ретінде пайдаланудың жолын тапқан. Ол үшін шаһардан 7-8 шақырым жерден алатын кәріздер жүйесі арқылы «Міртөбеге» су жеткізген. Сосын «Міртөбеден» қалаға жеткізді. Төбені 1951 жылы археолог Александр Бернштамтың жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция, 1970 жылы Кемел Ақышевтың бастамасымен Отырар археологиялық экспедиция Міртөбені зерттеген екен.
Дерек көздерінше, Міртөбе 10 мұнаралы дуалмен қоршалған төрт бұрышты алаң, ауданы 45.45 метр, биіктігі 5 метр. Солтүстік жағы 20 метрдей еңіс. Алаңқайды қоршаған дуалдың биіктігі 3 метр. Сауран қаласын сумен қамтамасыз ететін жер асты кәріз жүйесі болған.
Дерек көздерінде, Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазылған. Ұлы Жібек жолы бойындағы үлкен тұрақ, маңызды қаланың бірі болды.
Бұдан өзге де, қаншама құнды деректерді келтіре беруге болады. Алайда ойға түйген салмақты ой бұл емес. Ең маңыздысы – Сауран шаһары Ұлы Дала елінді қала өркениеті болғанынан хабар береді.
Кеңестік билік кезінде қазақтарға қала мәдениетін біз үйреттік деген тұжырымды жоққа шығарудың ұтымды жолы – Сауран, Сығанақ, Түркістан, Отырар және т.б көне шаһарларды зерттеп, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, насихаттау керек.
Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көне шаһарды дала астындағы музейге айналдыруға басымдық беру уақыт күттірмейтін шара. Сауранда шаһарында ойға түйген салмақты ой осы.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
11 маусым 2020 ж. 1 253 0