№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫР БОЙЫ – ШЕЖІРЕГЕ ТОЛЫ ӨҢІР

СЫР БОЙЫ – ШЕЖІРЕГЕ ТОЛЫ ӨҢІР


Көпті көрген көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, бағы заманда Аралдан шыққан лақ үйлердің шатырынан-шатырына секіріп отырып, Бұхараға дейін барады екен. Бұл әсірелеп айтқан сөз болғанымен, Сыр бойындағы көне қамалдар мен қорғандардың қазіргі кезде төбеге айналған ескі орындары осы оға еріксіз жетелейді. Отырар, Сауран, Өзгент, Аққорған, Ордакент, Сығанақ, Баршыкент, Жент тағы басқа шаһарлардың орын тебуі және ұлы Жібек жолының осы өңірден өтуі Сыр бойыныңтұнып тұрған шежіреге толы екендігін көрсетеді.

         Ал мұндай базарлы да ажарлы өңірден елі қадірлеп, халқы ұлық тұтар біртуар азаматтардың шықпауы да мүмкін емес. Кезінде елдің тізгінін ұстаған ақылды хандар да, қара қылды қақ жарып әділін айтқан билер де, халқына қорған, қарыс сүйем жерін жауға бермей күрескен батырлар да, білімдар ғұламалар да, өзінің қадір-қасиетімен әулие боп танылғандар да, халқының сүйіспеншілігіне бөленген ақын, жазушылар мен өнер иелері де, қоғам қайраткерлері де Сыр бойында аз болмаған.
         Аты әлемге танымал ұлы ғұлама Әл-Фараби, күй атасы Қорқыт, желмаясымен жерұйықты іздеген Асанқайғы, бабтың бабы Арыстанбаб, Сыр бойына Ислам дінін алғаш әкелген Ысқақ баб, Хорасан ата атанған Әбдіжәлил баб, Қожа Ахмет Йассауи, қоңырат Алпамыс батыр, Самархан шаһарын қырық жыл билеген Жалаңтөс баһадүр, айыр тілді Әйтеке би, Досбол датқа, тіл майын ағызған Дүр Оңғар, қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет Шайыр секілді Сыр сүлейлері, кешегі өткен Асқар мен Әбділдә, Нартай мен Манап ақындар, азатық үшін алысып өткен Мұстафа Шоқай секілді талай тұлғалар Сыр бойының өшпес тарихына алтын әріптермен жазылған есімдерге айналды.
         Сыр бойы осындай шежіреге толы өңір, тұнған тарих. Бір ғұлама: «Өткен тарихты білмеген адам нәресте күйінде қалады», – деген екен. Бұл орынды айтылған түйінді сөз. Өйткен, өткен тарихымызды білмей, бүгінімізді танымай, ертеңгі күніміздің де басын ашып айту қиын. Сондықтан өткенімізді өзіміз тануымызбен бірге оны қазіргі өскелең ұрпағымызға да таныта отырып, ата-бабалардың өткен өнегелі жолын насихаттай білу керек.
Адырбек СОПЫБЕКОВ,
«Өткен әзиз әулиелер» кітабынан.
        
19 наурыз 2018 ж. 1 795 0