Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Киіз басу өнері – көшпенді қазақ мұрасы

Киіз басу өнері – көшпенді қазақ мұрасы


Қайырлы күн достар! «Ауыл» партиясының «Отбасы құндылықтары» айдарының бүгінгі санында қазақтың көнеден келе жатқан құндылықтарының бірі – киіз басу өнері жайлы айтамыз.
Киіз басу – ықылым заманнан келе жатқан халқымыздың көркемдік құндылығы ерекше қолөнерінің бірі. Он саусағынан өнер тамған әжелеріміздің қолынан туған бұл дүние шеберліктің биік үлгісі. Көздің жауын алатын қызылды-жасылды оюлар қараған жанарды бір мезетке еріксіз тоқтатып, әсемдік әлемін паш ете түсетіндей. Сондықтан да болар, көшпелі қазақтың күмбезді шаңырағының көркі болған киіз халық арасында қашанда өз маңызын жоймаған.
Жалпы «Киіз басу» ауыл қазақтары үшін кәдімгі тойдан кем түспейтін үлкен рәсім және ерекше дайындықпен өтеді. Мосқал тартқан кейуаналардан бастап бұрымы желбіреген он жасар қызға дейін бұл қауырт істен шеткері қалмай, бір адамдай атсалысқан. Мұның негізгі астарында қыздарды кішкентайынан қолөнерге баулуға бағытталған тәрбие жатса керек.
Киіз басуға қолы іс білетін де, білмейтін де әйелдер түгел жиналған. Киіз басудың кәнігі шебері болып алған апалар басты жауапкершілікті өздеріне алса, бұл өнермен енді-енді танысып жүрген жас келіншектер су ысытып, қажетті құралдарды дайындап, сол қызу тірліктің басы-қасында жүреді. Екі-үш жылдан кейін олар да киіз басуға әжептәуір жаттығып алады.
Ең әуелі киіз басу үшін жүнді жақсылап сабау керек. Оған ірі қара малдың жақсылап керіп кептірген тері-тулағы және жас талдан қиып, арнайы көлеңкеде кептірген сабау-таяқша қолданылады. Киіз басуға іріктеліп алынған жүнді тулақтың үстіне тастайды да, 4-5 адам айнала отырып сабау-таяқпен ұрғылап, көпсітеді. Жүн сабалып біткен соң киіз басу үшін жүнді шиге салып, екі қабаттап тартады. Сонда астына салынатын жүнді тым қатты сабамай-ақ, тек көпсітіп қана сабайды. Ал, бетіне тартылатын жүнді әдемілеп, жұмсақ етіп сабайды. Үстіңгі қабаты тартылып біткен соң, шөмішпен жүннің үстіне қайнаған суды себезгілеп құяды. Сөйтіп, оны орай бастайды. Аз дегенде 5 адам шиге салынған жүнді 30-40 минут білекпен аунатып, салмақ сала домалатады. Межелі уақыт аяқталған соң, шиден шығарғанда жүннің киіз болып біріккенін байқауға болады. Әйелдер дайын текеметтің бетіне қошқармүйізден ою-өрнек салып әспеттейді. Қызылды-жасылды қою түсті мақпалдардан әдемі ою салып, жиек жіппен көктеп шығады. Сөйтіп, текеметке жүнді созып сан түрлі ою-өрнек салғанда, киіздің көркі ашыла түседі. Осылайша көп қолымен бітетін керемет қолөнер туындысын халқымыз құтты қонағына сый ретінде ұсынып немесе қыз жасауына негізгі дүние ретінде апарған. Ендеше, қазақтың аталмыш бұл қолөнері кейінгі ұрпаққа үлкендердің тек естелігімен ғана айтылып, көне жәдігерлер мекенінен іздеп жүріп көретін сирек қолданыстағы өнерге айналып кетпесе екен дейміз.

Материал Вкантакте әлеуметтік желісінен алынды.
18 мамыр 2020 ж. 1 677 0