№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ

Ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ


1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарышқа ұшты.
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған, шешесі мен апасының тәрбиесінде болған. Ал әкесі Оңғарбай мен анасы Кәмила ұста болған адамдар. Түптеп келгенде, ол кісі қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы боп табылады екен.
Халық қаһарманының ұшқыш болатыны, негізінен, әу бастан, болжанған. Оған анасының көрген түсі түрткі болыпты. Түсінде анасына әлдеқайдан шыққан бір дауыс «ұста қолыңа, мынаны» дептi. Ал қолын ашып қараса, аппақ бiр әдемi көбелек отыр екен. Сондықтан анасы баласын «әппақ көбелегiм» деп еркелетiп кетіпті. Өзі де жиі еститін бұл сөздерден соң ұшуды қатты армандапты. Содан кейін де кішкене күнінде бос уақытында ол аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенеді.
Кейін орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түседі. Бастапқыда анасы бұдан хабардар болмайды. Оны туыстары арқылы анасына жеткізеді. Жалғыз ұлының қасында болмайтынын білген ана қатты қамығып, ақырында батасын берген. «Сен туғанда-ақ ұшқыш болатыныңды сезген ем. Қайтейiн, қимасам да бетiңнен қақпаймын. Дегенiңе жет, балам!» деген екен анасы
Училищені бітіріп, инженер-ұшқыш атағын алған Тоқтар Қиыр Шығысқа жолдамамен аттанады. Осы жерде түрлі маркадағы бірнеше әскери ұшақты сынақтан өткізіп жүріп, ол 1-сыныпты әскери ұшқыш атағын иеленеді.
Содан ол сынақшы-ұшқыштар тобына ауысқысы келеді. Бірақ бұл мақсатына жету ғарышкерге оңай соқпайды. Тек Кеңес Одағының екі дүркін батыры Талғат Бигельдинов пен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың араласуымен ғана бұл мәселе оңтайлы шешілген екен. Ол туралы өз сұхбатында Әубәкіров былай еске алады:
«Маған Қиыр Шығыстың мықты ұшқышы деген атақ берілді. Одан соң сынақшы-ұшқыштар тобынан маған ұсыныс келіп түсті. Қуанып кеттім, кетуге өтініш жаздым. Бірақ жібермеді. Мен де қайтпай арызды бұрқырата бердім. Сол кезде генерал-лейтенант Трофимовтан жауап келді. Ол хатында «Егер сiз арыз берудi тоқтатпасаңыз, жай ұшқыштан еш уақытта көтерiле алмайсыз» деп жазыпты»
Осыдан соң Әубәкіров сынақшы-ұшқыш болуды ұмытайын деп ойлайды. Бірақ бір күні cол кездегі Армия қолбасшысы, генерал Кадышевтің Талғат Бигелдиновпен майданда бірге болғанын естиді.  Мұны білген ол жұмыстан сұранып, Алматыға бірден тікесінен тартады. Құдай қолдап, өз орнында жиі болмайтын Талғат ағамыз сол күні кеңседе отырған екен. Аты-жөнін, жағдайын айтқан соң ол өзіне рекомендация жазып беруін сұрайды. Ол кісі оған хат жазып бере алмайтынын айтқан. Себебі бұл істі бұлай шешу тиімсіз болған. Тек кетерінде Талғат Бигелдинов: «Жерде жатқан тастың астына су бармайды, осыны ұқ, қимылда», – деп ақыл беріпті.
02 қазан 2019 ж. 1 251 0