Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЖАЛДАН ҮШ РЕТ АМАН ҚАЛҒАН БАПКЕР

АЖАЛДАН ҮШ РЕТ АМАН ҚАЛҒАН БАПКЕР




Леонардо Гасиба – бразилиялық футбол төрешісі. Жақында бұл азамат FOX Sports телеарнасына сұқбат беріп, жұртшылықты таңғалдырды. Оның айтуынша, ол үш рет өлімнен аман қалыпты. 1993 жылы Гасиба Рио-Гранди-ду-Сул штатының бірінші лигасындағы "Гуарани ди Гармбалди" және "Айморе" клубтары арасындағы кездесуге қазылық жасаған. Ойын біте саласымен сақшылардың көмегімен алаңнан әрең шығып келе жатқан кезде қарсылас команданың массаж жасаушысы оның бетінен соққы жасайды. Оған бірінші медициналық көмек көрсетіліп жатқан кезде төреші үйіне қайтуы керек болған автобус жүріп кеткен. Кейіннен белгілі болғандай бұл автобус жолда апатқа ұшырап, 9 адам қаза болған. Арада 14 жыл өткенде төреші тағы бір мәрте өлімге бір қадам жақын болады. Ол Минас-Жерайс штатындағы ойынға тағайындалады. Бұл штатқа жету үшін Сан-Паулу қаласында ұшаққа міну керек болған. Гасиба ТАМ3054 ұшағына билет алып, ойынның бейсенбіден жұмаға ауыстырылуына байланысты оны кері өткізіп, тірі қалған. Өйткені төреші отыру керек болған ұшақ әуе апатына ұшырап, барлық 187 жолаушы мен экипаж мүшелері мерт болды. Үшінші оқиға 2016 жылы болған. Бразилиялық RBS телеарнасы Гасибаға Оңтүстік Америка кубогының финалында - "Атлетико Насьональ" мен "Шапекоэнсе" клубтары арасындағы кездесуге маман болып отыруды ұсынған. Бастапқыда матчқа баратын болған ол кейіннен Бразилияда отырып-ақ сараптайтын болды. Себебі финал өтетін стадионның комментаторлар кабинасы кішкентай екен. Ал Гасиба отыру қажет болған ұшақ Медельин әуежайына жақындай берген тұста ішінде тауға соғысқан. 77 адамның алтауы ғана тірі қалды.
                                                                                                            Уәлихан Қосанбай
21 шілде 2019 ж. 610 0