Соңғы жаңалықтар

ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ МУЗЕЙДЕ

19 маусым 2026 ж. 51

Ерекше кітапхана

19 маусым 2026 ж. 144

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақстанда тағы да 3 автобус соқтығысты – жантүршігерлік апаттың видеосы шықты

Қазақстанда тағы да 3 автобус соқтығысты – жантүршігерлік апаттың видеосы шықты

Жол апатынан ешкім қаза таппаған, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Қарағандыда үш автобус соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлады sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы".


Бүгін сағат 14:25-те полицияға Қарағанды-Майқұдық тасжолында ірі жол апаты болғаны туралы хабар түскен.
Алдын ала мәліметке сәйкес, №56 автобустың 61 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолындағы №40 автобусты соққан. Содан кейін №56 автобусты оның артынан келе жатқан екінші бір №56 қоғамдық көлік соққан.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апатынан бірінші №56 автобуста отырған 6 адам жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілген. Жол апатынан ешкім қаза таппаған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында 3 автобус соқтығысып, 1966 жылы туған автобус жүргізуші мен 26 жастағы жолаушы көз жұмған болатын.



11 сәуір 2019 ж. 1 070 0