№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Футболда талай қызық бар

Футболда талай қызық бар

 
Тұмандағы шытырман. Ағылшын футболының қыстыгүнгі жағдайы елге мәлім. Трибунаны да, алаңды да тұман басады да тұрады. Осындай жағдайда өткен бір ойында есеп 3-3 болып тіркеледі. Бірақ шабуылшы Джордж Одц: "Мен бұл ойында 5 гол соққанымды анық білемін, бірақ олардың қай қақпаға кіргенін байқамаппын", - дейді. Сондай-ақ ойын соңында белгілі болғандай, төрешілер бұл кездесуге әр командадан 18 футболшы қатысқанын да байқамай қалыпты.  Төрешінің таяғы. 50-жылдардың ортасында Иранның Әл-Харвес ауданында төрешілерге ойында тек қана ысқырық емес, соған қоса резеңке таяқ та ұстатыпты. Төрешілерге ескерту мен алаңнан қуу құқығына тағы реті келгенде көңіліне ұнамаған аяқдопшыны сабап алуға да рұқсат беріпті. Ойынды көргендердің айтуынша, осы амалдан соң тәртіпсіздік жоқтың қасы болған. 

 Төрешінің арқасында сөйлеп кетті. Бұл ерекше қызық оқиғаға 1967 жылы Тунистегі бір стадионға жиналған көрермендер куә болыпты. Төреші ойын барысында бір футболшыны алаңнан қууға шешім қабылдайды. Сөйтсе, ойыннан қуылған футболшы жастайынан сөйлеу қабілетінен айырылған екен. Қазының бұл шешіміне қатты наразылық білдіріп, ашуланған оған кенеттен тіл бітеді. Тәртіп бұзғанының үстіне балағат сөздер айтуын тоқтатпаған ол төрешінің шешімімен алаңнан қуылады. Сол кездесуде ол алаңнан қуылғанына аса қатты өкіне қоймаған. Өйткені ол бұдан былай сөйлеу нығметіне ие болған еді.  Бәріне бірдей қызыл қағаз. Көп кездесе бермейтін оқиғаның бірі Испанияның 2-лигасындағы "Сан Исидро" мен "Олимпико Карранте" кездесуінде болады. Ойынның аяқталуына 3 минут қалғанда төрешілікке наразы болған екі команданың аяқдопшылары төрешіні қоршап, наразылықтарын ортаға салады. Осы сәтте төреші еш саспастан қызыл қағазды ойынға қатысқан барлық 22 ойыншыға көрсетіп шығады. Осылайша ойын яқталған.  Баспен соғылған пенальти. Шынымен-ақ ерекше соғылған пенальтиді 1971 жылы тамызда полтовалық "Строитель" ойыншысы Александр Молодецкий соғады. Гол егесінің өзі: "Мен жүгіріп келдім де, еңкейіп барып қозғалмай тұрған допты баспен соқтым. Гол! Доп оң жақ төменгі бұрышқа түсіпті", - дейді.
 Иә, бұл голды көзге елестетудің өзі қиын. Бұл жайт тарихта расында тіркелген екен.  11 метрліктен – өз қақпасына. Буксхаймдағы (ГФР) футбол ойынында төреші 11 метрлік айып добын белгілейді. Бұған, әлбетте, наразы болған аяқдоп шеберлері төрешіге қысым көрсетеді. Алай-бұлай жалынып сұрағанымен, төреші өз шешімін өзгертпей, допты нүктеге қояды. Осы кезде қарсылық білдіруші бір қорғаушы допты бір тебеді, ол дәл барып қақпаға кіріп кетеді. Ал төреші дым болмағандай голды санап жіберген екен. Өз қақпасына пенальтиден соғылған бұл гол әлемдік футбол тарихында әзірге жалғыз болса керек.  Үй қамауындағы жанкүйер. Жексенбі күндерінің бірінде Италияның Кампос қаласының өрт сөндіру бөлімінде дабыл қағылып, өрт сөндірушілер межелі жерге келеді. Бірақ ешқандай от, түтіннің иісі шықпайды. Кенет 2-қабаттан "Құтқарыңдар, өрт!" деген дауыс шығады. Тез арада дауыс шыққан терезеге саты қойылып, үй ішіндегі адам аман-есен жерге түседі. Ай-шайға қарамаған ол стадионға жүгіре жөнеледі. Сөйтсе, ол Джованни Круйзароның ойынын сүйіп көретін жанкүйер болып шығады.
 Бүгінгі маңызды ойыннан қалмау үшін, амал жоқ осындай әрекетке барған. Өйткені футболға жібермеу үшін әйелі оны сыртынан құлыптап кеткен екен. Әр жексенбі сайын футболдан қалмайтын ол бұл жолы да әйелін алдаған екен.  Ең сорақы гол. 1973 жылы "Спарта" (Роттердам) қорғаушысының "Барселонаға" соққан добын дәл осылай атаған екен. Өйткені ол өз қақпасынан қауіптің бетін қайтарамын деп, допты әуеге теуіп жібереді. Қатты соққан желдің әсерінен доп жарылып, дәл "Барселонаның" қақпасына түседі. Төреші Форес допты айырбастап, футболшылардың қарсылығына қарамастан голды санаған дейді.  Полицейлер футболы. Бразилиялық "Какова" футбол клубы жақсы өнер көрсетіп, көзге түсісімен ІІМ шешім қабылдап, команданы таратып жібереді. Неге десеңіз, команда сапы кілең полицейлерден құралады. Олар өздерінің негізгі міндетін атқарудан гөрі футболға тым әуес болып кеткен екен. Ал олардың жанкүйерлері полицей киімімен стадионға келіп, трибунаны бір түспен әдемі қылып көрсетеді. Қошеметтің бұл ерекше түрі бұрын-соңды болмаған. Сол кездердегі басылымдардың жазбасына қарағанда, қалада қылмыс көбейіп кеткенменен, стадиондағы тәртіп үлгі аларлықтай болыпты-мыс.
  "Жыртық" қақпашы. Британ аралындағы Ридинг атты қаланың футбол командасының қақпашысы Джимми Тейлордың ойынына көп адам наразы болады. Бір маусымда өткізген 27 ойында ол 456 доп жіберіп үлгерген. Орташа есеппен алғанда, бір ойында – 17 гол.  Доп ұстамаған қақпашы. 50-жылдардың соңында өзіндік рекордпен "Югорден" (Стокгольм) командасының қақпашысы ерекшеленеді. Оның командасы бір ойында 18:0 есебімен жеңіп, қақпашыға бір де бір рет доп ұстатпапты. Ойынға қақпадан қосқан доптың екеуін де доп артынан жүгірген қорғаушы теуіпті.  4 команда, 44 ойыншы, 2 доп. Бұл ерекше ойын 1959 жылы Гельзенкирхенде (ГФР) болған. Стадион әкімшілігі байқаусызда қолдопшылар мен футболшыларды бір күнге, бір уақытқа шақырып қояды. Ал енді алаңда кім ойнайтынын шешу үшін екі команда қызу тартысқа түседі. Ақыры келісім таппай, төрт команда да алаңға шығып, ойынға кіріседі.
Бұл біртүрлі ойынды ертеңгі шыққан газеттерде: "Осыншама қиын жағдайда өткен ойындар әйтеуір соңына дейін жетті" деп жазады. Қолдопшылардың есебі 14:2 болып тіркелсе, футболшылар 4:2 деген нәтижемен тарасады. Гандболдан ұтылған команда ойын соңында шағым түсіреді. Ал ойынды тамашалаған жанкүйер қауым маусымның мұндай ерекше ойынын көргендеріне еш өкінбеген.  Грекиядағы сорақы гол. 1978 жылғы Грекия біріншілігінде өнер көрсеткен "Этникос" футбол клубы өз алаңында ПАОК-ты қабылдайды. ПАОК ойыншылары есеп ашып, қуаныштары қойындарына сыймай, алаң шетіне барып мәре-сәре болып жатады. Тіпті төрешінің ойынды жалғастыруға нұсқау бергенін де байқамай қалады. Осы сәтті ұрымтал пайдаланған алаң иелері допты ортадан бастап, бос тұрған қақпаға гол соғады да, есепті теңестіріп жібереді.

13 маусым 2018 ж. 2 102 3

Гость Jeahulalf от 28 ақпан 2019 08:38
Keflex And Breast Milk Buy Fish Amoxicillin Cialis Dosis Maxima canadian pharmacy cialis 20mg Ed Meds Online Discount Paypal

Гость Jeahulalf от 16 наурыз 2019 10:36
Doses 750 Mg Amoxicillin Cheap Tadapox Amoxicillin Boils cialis tablets for sale Order Now Isotretinoin

Vivian от 27 наурыз 2021 00:41
Hookup Women Makes use of Totally free Matters? An Excellent Horizontal Benefit! Free of charge hookup women Hookup apps and sites online is the best solution if you're tired with going to cafes and organizations simply to be prevented, as well as even worse, laughed at. I am aware what it's like because I've been there. I found myself single and desperate during the working day -- I essential a fresh partner -- nevertheless i kept on striving because I had no other option. If you're an individual gentleman who wants to hookup with attractive females without likely to those areas where the girls are by yourself, then this write-up may just change your lifestyle. It would clarify why courting on-line is the best alternative if you're a guy who is shy to method a wonderful woman inside a bar or club.