№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЫ ОТАУ ТІКТІ

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЫ ОТАУ ТІКТІ

Кәсіпқой бокста бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 13 КО) Алматыда үйленді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Спортшының жары - Тараз қаласының тумасы Гауһар есімді қыз. Салтанатты неке қию рәсімі Алматыда өтті. 

Кәсіпқой бокста Жүкембаев 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап өнер көрсетіп келеді және ол барлық жекпе-жектерін Канадада өткізді. Оның мүддесін Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы қорғайды. 18 мамырда Канаданың Монреал қаласында өткен бокс кешінде Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалесті (13-6, 6 КО) мерзімінен бұрын жеңді. Осы жетістіктің арқасында қазақстандық боксшы алты сатыға көтеріліп, өз дивизионының рейтингісінде үздік 20-ға жақындады.
Қазақтың Батырын құттықтаймыз!
14 шілде 2019 ж. 769 0