» » ШӘРИПОВА ШАРШЫ АЛАҢҒА ҚАШАН ОРАЛАДЫ?

ШӘРИПОВА ШАРШЫ АЛАҢҒА ҚАШАН ОРАЛАДЫ?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова кезекті жекпе-жегін 4 тамыз күні Санкт-Петербургтегі М-1 Аренада өткізеді. Отандасымыз кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген испандық боксшы қыз Мириам Гутьерреспен жұдырықтасады. Бокс кешін Фируза Шарипованың командасы ұйымдастыруда. Қазақстандық боксшының кездесуі басты жекпе-жек болады.
- Біз М-1 Аренаны арнайы таңдадық. Себебі бұл кешен замануи талаптарға сай жасалған. Ережесіз жекпе-жек жарыстары өтіп жүргендіктен, алаңды безендіру де ыңғайлы. Жиналған жанкүйерлермен қатар, миллиондаған телекөрермендер де айрықша бокс кешін тамашалай алады.
Қазіргі таңда андеркартта жұдырықтасатын боксшыларды тіркеудеміз. Әлемнің көптеген телеарналары бұл бокс кешін көрсетуге қызығушылық танытуда. Тікелей эфирде 100-ден астам елде көрсетілетін болады. Фируза әлемдегі танымал боксшы қыздардың бірі. Көпшілік оның жекпе-жектерін асыға күтеді, - деді боксшының менеджері Сергей Завилейский.
Айта кетейік, Фируза Шарипова кәсіпқой бокста 9 жекпе-жек өткізді. Оның 8-де жеңіске жетіп, 1-де ғана қарсыласына есе жіберген.
06 шілде 2018 ж. 671 0