«ЛИВЕРПУЛЬ» ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
2019 жылдың 1 мамырында «Ливерпуль» стадионында «Барселонадан» 0:3 есебімен ұтылған-тұғын. Осылайша спорт сүйер қауым Месси бастаған жігіттер финилда ойнайтынын, тіпті, биылғы чемпиондар екенін айтып, тойлай бастаған еді. Бірақ, бәрі басқаша болып шықты. Иә, финалда «Ливерпуль» ойнайға лайықты екен.
Расында, «Камп Ноу-дағы» кездесуден кейін ағылшын клубының келесі кезеңге өту қабілеті шамамен 11,5 есе, ал, испандықтардың өтуіне сенім мол еді. Ойынға жарақатына байланысты Салах араласпайды. Бұл – испандық клубтың фовариттік қабілетін арттыра түскені анық.
Сонымен 55 212 көрермен жиналған «Энфилд» стадионында «Ливерпуль» ойында өзгеше өрнек салды. Алдымен 7 минутта есепті Дивок Ориги 1:0-ге жеткізді. Бәрі былай болды: алдымен Ter Stegen қақпаға соққы бағыттаған еді. Оны қақпашы қайтарады. Ұрымтал сәтте Дивок Ориги суырылып шығып, допты торға тоғытты. Одан кейін қос команда алма-кезек шабуалдар жасап, гол салуға мүмкіндіктері болды. Алайда, бірінші таймда бір ғана гол соғылды.
Қызықтың бәрі екінші таймда басталды. Кездесудің 54 минутында есіпті Жоржиньо Вейналдум 2:0-ге жеткізді. Араға екі минут салып Жоржиньо Вейналдум ағылшындық жанкүйерлерге үміт сыйлады. Иә, 56-шы минутта есеп 3:0 болды.
Екі кездесудің есебі бойынша – 3:3. Ойын тең аяқталса, қосымша уақыт ойнатылады. Финалға шығуға екі команда да мүмкіндік бар. Бірақ, ойынның 79 минутында Белгия құрамасының ойыншысы Дивок Ориги испандық клубты жартылай финалдан үйіне қайтуыңа жағдай жасады.
Осылайша Юрген Клопп баптайтын жігіттер екінші жыл қатарынан Чемпиндар Лигасының ақтық бәсекесіне шықты. Ал, былтыр ширек финалда Ромадан ұтылған «Барселона» биыл жартылай финалда сүрінді. Енді ағылшындық клубка бір рет серпіліп, өткен жылғы есесін қайтаруы ғана қалды.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.