№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЛИВЕРПУЛЬ әлде БАРСЕЛОНА. КІМГЕ ЖАНКҮЙЕРСІЗ?

ЛИВЕРПУЛЬ әлде БАРСЕЛОНА. КІМГЕ ЖАНКҮЙЕРСІЗ?

Чемпиондар Лигасының 2017-2018 жылғы жартылай финалдық кездесуінде Реал Мадрид Ювентусты қабылдаса, Ливерпуль Барселонаны күткен болатын. Клопп шәкірттері ғана емес, футбол сүйер қауым да осы ойынды асыға күтті. Себебі, Салах бастаған жігіттер Басрселонамен ЧЛ-да кездеспегеніне 10 жылдан асқан. Алайда, Мессидің әріптестерін орта жолда Рома сан соқтырды. Қонақта екі доп жіберіп алған римдіктер, өз үйлерінде жауапсыз үш гол соғып жартылай сынға сүрінбей өтті.
Иә, биыл осы жағдай тағы да қайталана ма деген жұрт енді нағыз айқасты көретін болады. 1-мамыр күні Каталонияға қонаққа баратын ағылшындық клубтың жеңетінен көбі күмәнмен қарайды. Тіпті, букмекерлік кеңселердің өзі Барселона жеңеді дегенді растап отыр.
Букмекерлік кеңселер не дейді?
Иә, қазір жұрттың бәрі қос ойынға инвестиция құя бастады. Букмекерлік кеңселер, мәселен 1ХВЕТ болса алғашқы ойында Ливерпуль жеңеді дегенге 4,34 коэффицентті берсе, алаң иелері жеңеді дегенге 1,86 коффицентті көрсетуде. Ал, тең ойынға 3,98 көрсетті. Демек, Клопп шәкірттері бұл ойында жеңіске жету мүмкіндігі өте аз деген сөз. Алайда, ағылшындық клубтардан көп нәрсені күтуге болады.
Статистикаға жүгініп көрейік.
Мерсисайдтың клуб осыған дейін Лича Чемпионды 3 рет жеңіп алған болса, каталондықтарға бас бәйге бес рет бұйырыпты. Жалпы, бұл турнирдің ең көп жеңімпазы Мадридтің Реал клубы. Олардың еншісінде 11 кубок бар.
Ал, тарихты сөйлетсек...
Осыған дейін Ливерпуль мен Барселона 9 мәрте кездесіпті. 4 рет Еуропа Лигасында, 4 рет Чемпиондар Лигасында жолыққан. Тек бір мәрте ғана Халықаралық чемпиондар кубогында кездескен болса, испандық ұжым 2 рет жеңген. Ал, ағылшындық клуб 4 рет басым түссе, қалған үш ойын тең дәрежеде өткен.
1976 жылғы Еуропа лигасында қос ойында Ливерпуль келесі кезеңге өтсе, 2001 жылы осы көрсеткіш қайталанған.
2001 және 2007 жылғы Чемпиондар Лигасында барсалық жігіттердің мерейі үстем болыпты.
Ал, соңғы халықаралық кубок жолында, 2016 жылы Барселона қарсыласына 4:0 есебімен жол берген.
Міне, қос мықты арасындағы нәтиже осындай. Енді әлем жанкүйерлері асыға күтіп отырған кездесуге де аз ғана уақыт қалды. Бақ шаба ма, бап шаба ма оны алдағы уақытта көретін боламыз. Алайда, көпшілік Ливерпульдің өткенін қалайды...

27 сәуір 2019 ж. 904 0