№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » САУ БОЛ, ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ

САУ БОЛ, ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ

Иә, Месси бастаған жігіттер бүгін кәрі құрылықтың клубтар арасындағы бас додасымен осылай қоштасты. Ливерпульге қонаққа барған Вальверде шәкірттері оңбай ұтылды.
Чемпиондар Лигасының жартылай финалындағы алғашқы ойын Ливерпуль үшін өте ауыр болды. Католонияда өткен ойында Мессидің қос голы мен Суарестің мергендігі ағылшындық клубтың мысын басып, жанкүйерлерін біраз ренжіткен еді. Бірақ, футболда бәрі орын алуы ғажап дүние. Бұл керемет турнирде бәрі де мүмкін. Әсіресе, биыл кіл мықтылар жарыс жолынан шығып жатыр. Көпшілік чемпион болады деген Реал Мадрид, Ювентус, Манчестер Сити, енді міне олардың тізіміне Барселона да қосылды. 
Сонымен Ливерпульге қонаққа келген Барселона қауқар танытпады. Алғашқы таимда сабырлық танытқан каталондықтарды екінші кезеңде алаң иелері бас көтерткізбеді. Бірінші таимның 7-мнутында есеп ашқан Ориги көрермендерге үміт сыйлап қойды. Қызықтың бәрі екінші таимда басталды. Тыңнан алаңға кірген Виналдум 54 және 56 минутта гол салып, тіпті ойынды түбегейлі өзгертті. Ал, ойынның 79 минутында Оригидің екінші голы ойын тағдырын шешіп кетті. 
Қос ойынның қорытындысы бойынша Ливерпуль Чемпиондар Лигасының финалына өтті. Енді ертең олар қарсыластарын анықтайтын болады. Тотенхэм немесе Аякстың тағдыры ертең шешіледі.

Ливерпуль 4:0 Барселона (ж.е 4:3)

Голдар: 7' Ориги, 54' Вейналдум, 56' Вейналдум, 79' Ориги
08 мамыр 2019 ж. 963 0