Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЛИВЕРПУЛЬ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІН РЕНЖІТКЕН ОЙЫН

ЛИВЕРПУЛЬ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІН РЕНЖІТКЕН ОЙЫН

Иә, Юрген Клопп баптайтын Ливерпульді АПЛ-ның осы маусымдағы чемпионы ретінде көргісі келетіндер көп. Себебі, олардың Чемпиондар Лигасындағы ойыны жанкүйерлердің, жалпы футбол сүйер қауымның көңілінен шығуда. Бір жағынан Ливерпуль клубының  ағылшын чемпионатын жеңбегеніне 29 жыл болыпты. 1989-1990 жылдан бері бұл клуб чемпиондық кубокты төбесіне көтермеген екен. Ал, кешегі маңызды ойынның бірінде "Сити" манчестерлік дербиде "Юнайтедті" ұтып, англиялық клубтар рекордын орнатты. Әрі, Клопп жігіттерінің көңіл-күйін бұзды. 
Егер Сити жеңілгенде онда көштің басына Салах бастаған футболшылар шығар еді. Алайда, "МС" жеңіске жетіп, АПЛ-де қайтадан бірінші орынға көтерілді. Десе де, қос клубтың арасынан бір ұпай ғана бөліп тұр. 
Кездесу "Олд Траффорд" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. "Сити" сапында Бернарду Силва (54-ші минут) және Лерой Зане (66-шы) гол салды.
Осылайша, "Манчестер Сити" маусымдағы барлық турнирде соққан голдар санын 157-ге жеткізіп англиялық клубтар рекордын жаңартты. Мұның алдындағы рекорд - 156 гол "Манчестер Ситиге" тиесілі болған, бұл 2013/14 маусымнда команданы Мануэль Пеллегрини жаттықтырған уақытта болған. 
25 сәуір 2019 ж. 919 0