ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ЖҮЛДЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН АҒАЙЫН!
19-21 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен белбеу күресінен 1998-2000ж.т.жастар арасындағы Әлем чемпионатында жаңақорғандық балуандар ерледі. Қандай дода болмасын жүлдесіз оралмайтын біздің саңлақтардың еншісінде бұл жолы қос күміс және қос алтын.
Сонымен, 52 келіде өнер көрсеткен Ғайбулла Диана әлемдік сында күміспен сүйіншілесе, осы биікке 66 келіде бақ сынаған Қанзада Арайлым да көтерілді. Жас болса да әлем алдында мықты екендерін көрсете алған Сағындық Мұхамедхан (62 келі) мен Нұртас Алиса (76 келі) қуантты.
#Жаңақорғаннан барған төрт балуан да табысты өнер көрсетіп, алдыңғы буынның ізін жалғады. Мереке Құдайбергенова, Меруерт Әбубәкір, Алдаберген Нұрлыбек және басқа да мықтылардың соңынан еріп келе жатқан жастар Тәуелсіздікке тамаша тарту жасады.
Спортшылардың жаттықтырушылары Абдусаттар Садыков, Аслан Нуркожаев
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН АҒАЙЫН!