№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТІЛШІЛЕРДІҢ ТАРТЫСЫ

ТІЛШІЛЕРДІҢ ТАРТЫСЫ

    Қаламгерлер көңіл сәулесіндегі түйдек-түйдек ойларды қаламына арқау етіп, мазмұнды туындыларымен жұртқа рухани бағыт-бағдар, тәлімді тәрбие береді. Осындай абыройлы міндетті арқалап жүрген Сыр журналистері боп, Түгіскенде түгел жиналды. Мақсат – компьютер алдындағы таусылмайтын шығармашылық жұмысты спорт залдағы серпінді дене қозғалысына алмастыру.



   Кейінгі кезде журналистер үшін доп теуіп, шынығу дәстүрге айналғандай. Биыл­дың өзінде қызылордалық қаламгерлер Жаңа­қорғандағы екінші футбол бәсекесіне келіп тұр.
Бұл жолы Жаңақорған ауданы мен халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығы ая­сында өткен аудан әкімінің кубогына таласты.
Турнирдің ашылуында аудан әкімі Ға­лым Әміреев журналисттер қауымына ізгі ілтипатын білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Ел арасында жүріп, жаңалықтың жар­шысы, жақсылықтың хабаршысы бола білген журналисттер спортпен әркез сырлас екенін көрсетіп келеді. Сол себепті бүгінгі қалам мен спортты жанына серік еткен журналистердің сайысына арнайы келдік.
Жалпы, турнирді өткізуге Түгіскенді таңдадық. Себебі, соңғы 2-3 жылда тіректі ауылға 2 млрд. теңге инвестиция құйылды. Яғни, мектеп пен балабақша, денсаулық нысаны мен спорт кешені бой көтерді. Қаламгерлер заманауи талаптарға сай жауап беретін сондай нысанда бой сергітсін деген ой келді, – деді аудан басшысы.
Одан кейін ауыл ақсақалы Аманқожа Абдуллаев пен спорт ардагері Темірхан Сәр­сенханов турнир ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен көпшілік асыға күткен футбол жа­рысы басталды. Алғашқы ойын «Сыр медиа» командасы мен «Жаңақорған тынысы» жігіттерінің арасында өрбіді. Тартысты өткен ойын алма-кезек шабуылдарға алмасты. Бірінші кезеңде серіктестік жігіттері бір доп айырмасымен басым түсті. Жерлестерінен қолдау тапқан жаңақорғандықтар ойын өрне­гін алғанымен таблодағы есеп 3:2 аяқталды.
Әрбір ойын тартысты өтіп, көрермендер көңілінен шығып жатты...
Жартылай финалда «Жаңақорған тынысы» мен «Жас тілшілер», «Өскен өңір» мен «Сыр медианың» жолы түйісті. Алайда, алғашқы екі команда ақтық сында өнер көрсетуге лайықты болды.
Жарыстың көркі осы ақтық сында қы­за түсті. Күйбең тіршілігінен бір сәт уақыт тауып, турнирдің төріне жайғасқан ауылдықтар жергілікті командаға жанкүйер болды. Ойындағы есепті жаңақорғандық журналисттер ашты. Алайда, ойын соңында шиелілік аяқ допшылар есепте алға шығып, аудан әкімінің кубогын төбелеріне көтерді.
Турнир жеңімпаздары кубок, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» номаинациясы өз егелерін тапты.
– Қос тойы қабат келіп жатқан жаңақор­ғандықтарды мерекемен құттық­таймыз. Әрине, жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сондықтан, турнирдің өтуіне үлес қосқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Бұл жарыс дәстүрге айналады деген сенімдемін, – деді «Өскен өңір» командасының капитаны Елдос Жүсіп.
Ал, жас тілшілерге жетекшілік етіп келген Ерасыл Шәрібек жарысқа ұйытқы болған ауыл әкімдігіне алғысын жеткізді.
– Түгіскен – береке қонған жер. Халқы бірлікті, татулықты ту еткен. Оның айғағы бү­гінгі турнир. Мұндай ауқымды спорттық шараны ұйымдастыру оңай емес. Сондықтан, Сардар Ахметов бастаған қызметкердің қызметіне сәттілік тілеймін, – деді жас тілші.
Өңір жаңалықтарының жаршысына ай­налған журналисттердің басын қосқан турнир осымен өз мәресіне жетті.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
10 қараша 2018 ж. 1 154 0