№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Шанхайға" барып шынығу керек

"Шанхайға" барып шынығу керек

    Жалпы, спортпен шұғылдану салауатты өмір салтын ұстауға үйретеді, әрі өмірде биіктерге өрлеуге жарқын жол ашады. Иә, «шынықсаң шымыр боласың» деп қазақ бекерден-бекер айтпаса керек-ті. Бүгінде Жаңақорған спортының әлеуеті артып, дамудың дара жолына түсті. Жастардың жігері шыңдалып, спортқа деген қызығушылығы артты. Спорттық нысандар бой көтерді. Бұл деген өскелең ұрпақтың денінің сау, мақсатының айқын, рухының асқақ болуына үлкен күш береді. Сондықтан, болашақ білекті де, жүректі жастарды тәрбиелеу мақсатында аудан орталығында шынығу залының түндігі түрілген еді. «Шанхайда» орналасқан залдың ашылғанына біраз уақыт болған заманауи залға келушілер саны да аз емес. Әрине, кәсіп деп білгенімен спорт залдың да өзіндік тәртібі мен үйретері мол.
  – Залға жазылушылардың саны артып келеді. Келушілердің арасында спорт саласына қатысы жоқ азаматтар көптеп белсенділік танытуда. Бұл деген қарапайым шаруа адамының салауатты өмір салтын ұстауына деген ынтасының оянуын білдіреді. Спортпен шұғылдану өмірге дені сау ұрпақ алу келудің ең бсты негізі десек болады. Сондықтан, әрқашан өзін-өзі күте білген жандарға біз көмектесуге дайынбыз, – деді спорт нұсқаушысы.
   Бұл спорттық нысан ауданда бой көтерген екінші шынығу залы. Барлық жағдайы жасалғанымен қоса жас өренге жаңа бағытта бой түзеуге жол көрсетері анық. Әсіресе, ауыр атлетика мен қол күрес шеберлерін дайындауда үлесі зор. Тіпті, жеңіл атлеттерге де мүмкіндер де қарастырылған.
– Жастардың спортқа деген ынта-жігерін ояту мақсатында, әрі алдағы уақытта ел намысын асқақтатар спортшылардың өсуіне жұмыс жасау міндеттіміз. Егер жастар байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл баршаға ортақ қуаныш. Сондықтан, әр жастағы жас буынның келіп жаттығу жасауына болады, – деді заманауи залдың иесі, ел ағасы Фахриддин Тұрғанбаев.
Осындай жаттығу залының ашылғанына спортшылар да оң көзқараста.
– Әрине, осындай нысандардың бой көтеруі өрендердің спортқа деген жігерін қамшылайды, намысын оятады. Аудан абыройын асқақтатар ұландардың өсуіне сеп болады. Дұрысы сол салауатты өмір салтын ұстанатын жандарға спорттық нысандарда барлық жағдай жасалуы тиіс. Сондықтан, осындай игі бастамаларды арқау етіп жүрген ағалардың ісі үлгі боларлық, – деді ел чемпионы Азамат Шағапұлы.
Әрқашан спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстай білу ең бірінші таза өмір сүру нышаны, дұрыс денсаулық кепілі. Сондықтан, бүгінгі және келешек ұрпақты спортқа бейімдеп, келешекте ел байрағын биікте ұстауына бағдар беруге асыққан жөн.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
07 қараша 2018 ж. 1 467 0