» » СЫР СПОРТШЫЛАРЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

СЫР СПОРТШЫЛАРЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

     Маңғыстау облысы Ақтау қаласында қазақ күресінен 1998-2000 жылдары туылған жастар арасында ҚР чемпионаты өтті. Облыстың аға жаттықтырушысы Болат Кенеев дайындаған Қызылорда облысының құрама командасы байрақты бәсекеде 11 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. 
      Жекелей сында Адия Сайын (48 келі), Диана Тілеумұратова (52 келі), Бекжан Төлепов (55келі), Арман Жалғасбекұлы (66 келі) Қазақстан жеңімпаздары атанса, Ердәулет Салыбек (55 келі), Арайлым Ханзада (63 келі), Жанерке Қуанышова (78 келі) күміс жүлделерді иеленді. Нәбира Сламбекова (57 келі), Жасұлан Бердібеков (66 келі), Абылайхан Жұбаназар (74 келі), Майра Мырзабек (+78 келі) қола жүлделерге ие болды. 
       Жеңімпаздар енді сәуір айында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында жастар арасында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды. 
06 ақпан 2018 ж. 1 154 0