Солтүстік Қазақстанда ұлттық спорт түрлерінен спартакиада басталды
Бескөл кентіндегі «Құлагер» ипподромында ұлттық спорт түрлерінің бірнеше түрін қамтыған спартакиада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп, Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналды.
Спорттық шарада сөйлеген сөзінде облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет былтыр екі ұлттық ойындарға баулитын балалар-жасөспірімдер мектептері ашылғанын жеткізді. 600-ден астам ауылдық спортшылар үш күн бойы ұлттық ойындар түрлерінен сайысқа түсті. Көкпар тартудан уәлихановтықтар қарсылас шыдатпады. Теңге алу, аударыспақ, тоғызқұмалақ пен асық атудан Ғ. Мүсірепов ауданының командасы жеңімпаз атанды. Жекпе-жек пен армрестлингтен қызылжарлықтар бірінші орынды иеленді. Ұлттық ойындар бойынша жарыстың екінші кезеңі 23 маусымда М. Жұмабаев ауданында жалғасып, аламан бәйгемен қоса палуандар белдесуі өтеді. Жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар осында анықталады. Бас жүлдеге екі жеңіл көлік тігіліп отыр.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан».