№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ: саланы дамыту жолдары қаралды

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ: саланы дамыту жолдары қаралды


Бүгінгі таңда халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту мемлекет үшін маңызды мәселе. Ол үшін медициналық технологиялардың дамуы және медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсуі қажет. Ең бастысы, халықтың қозғалыс белсенділігін арттырып, бұқаралық спортпен шұғылдануына маңыз берген абзал. Осыны ескерген, Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін Қазақстан халқының 30 пайызының бұқаралық спортпен шұғылдануына басымдық беруді тапсырды. Жаңақорған ауданы осы межеге жақындай түсті. Қазір аудан тұрғындарының 27 пайызы спортқа ден қойған. Бірақ, бұқаралық спортты әлі де дамыта түсу қажет-ақ. Яғни, күн тәртібінен түспеген тақырып. Бұл жайында аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Облыс көлеміндегі бұқаралық спорттың жағдайы мен оны жетілдіру жолдары туралы» кезекті сессияға әзірлеу жөніндегі облыстық мәслихатының уақытша комиссиясының көшпелі отырысында білдік.
Облыстық мәслихат аппаратының басшысы Мэлс Қосмамбет, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Айгүл Ибраева қатысқан мәжілісте аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ильясов модераторлық етті.
Жиынның негізгі мақсатын түсіндірген аппарат басшысы күн тәртібіндегі алғашқы мәселеге кезек беріп, аудандағы спорттың даму перспективасын тыңдады.
– Жаңақорғандық спортшылар байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап жүр. Ұлттық ат спорт және күрес түрлері бойынша бәсіміз биік. Футбол, волейбол, баскетболдан да жетістігіміз жетерлік, – деді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмұт Рақымжанов.
Оның сөзінше, Сыр өңірінің спорты дамуында Жаңақорған ауданының орны ерекше. Еркін күрес шебері Ғалымжан Өсербаев Рио-де-Жанейро Олимпиада ойынында, Дәулет Ниязбеков Лондон Олимпиадасында үздік бестіктен көрінді. Жасұлан Мұхтарбекұлы Пекин Олипиадасына қатысты. Сондай-ақ, жерлес спортшылар Азия және Әлем чемпионаттарында табысты өнер көрсетіп келеді. Алдынғы буынның табысты өнер көрсетуі жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыра бастады. Жақында жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында екі боксшы бірінші, бір күміс, бір қола медаль алды.
Кейінгі жылдары ауданда республикалық, халықаралық жарыстар көптеп өткізіле бастады. Мәселен, Машбек Нәлібаевты еске алатын халықаралық турнирдің бәсі биік. Оған жастар, ересектер арасындағы чемпионаттарды қосыңыз. Әсіресе, ұлттық спорт түрлерінің дамуын ерекше атауға болады. Бір ғана мысал, облыстың көкпар құрамасы біздің ауданнан құрылған. Одан бөлек, аударыспақ, жамбы атудан да біздің жерлестер табысты өнер көрсетуде.
Басқарма басшысы Жаңақорғанда спорттың бүгінгі беталысынан хабардар екенін айтып, оны одан ары дамытудың жолын сұрады.
Бұған бөлім басшысы «Алтын күз-2018» мерекесіне дейін орталық стадион құрылысын бітіру қажеттілігін атады. Одан кейін тозығы жеткен шағын футбол алаңдарын (2009 жылдан бері салынған) қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Иә, бес-алты жыл қуанғанымыз рас. Бірақ, қазір 46 алаңның кез-келгеніне барсаңыздар жасанды жабындысы ұшып, шаң көтеріліп жатқанын байқайсыз. Шұқыр-ойлы алаңға жастар баруды қойған. Кенттегі бес-алты шағын алаңның жарамдысы Қорғантоғай мөлтек ауданында. Оның да бүгінгі жағдайы аянышты күйде.
Жалпы, мамандардан шағын футбол алаңдары стандартқа сай салынбағанын естіп жүрміз. Қалалық жерлерде цементтеп болғаннан кейін резіңке жабындыларымен жабылып (жеңіл атлетикалық), одан кейін жасанды көгал қойылады. Көгалдың үстіне резіңке қиындылары тасталады. Сонда спортшының омыртқа жүйесіне зақым келмейді екен. Мұндай талапқа келетін бір ғана шағын алаң бар. Оны Машбек ауылындағы №196 мектепте көруге болады. Ендеше, жастардың денсаулығы үшін жасанды жасыл алаңдарды заманауи талап-міндеттерге сай қайта жаңғыртатын кез келді.
Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамытуға байланысты қаржы көлемін ұлғайту, білім ордаларында спорттық құрал-жабдықтармен жабдықтау жайы қозғалды.
– Жиынның негізгі мақсаты жақында облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді. Оған дейін әрбір ауданнан ұсыныс жинап, күн тәртібіне енгізіп, тиісті қаражатын қарастыруға жұмыс жасаймыз, – деді Олжас Азатұлы.
Мемлекет басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында елді мекендердің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруды тапсырды. Биыл бағдарлама аясында Жаңақорған кентінде, Ақүйік және Сүттіқұдық ауылдық округінде спорттық нысан бой көтермек. Ауыл әкімдері басқарма басшысынан осы істі ілгерілетуде ықпал етуін сұрады. Ал, Қосүйеңкі, Манап және Талап ауылдық округіне спорттан жаттықтырушы қажет. Төменарық аймағында спорт мектеп құрудың қажеттілігі бар (Төменарықтағы спорт мектеп 1997 жылы жабылған. авт.).
Әрине, облыстық мәслихаттың сессиясында спорт саласының мәселелері шешімін тапса игі. Бұл спорттың одан ары дамуына негіз болар еді...

Әли ТЕМІРБЕК.
15 маусым 2018 ж. 1 733 0