№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОБЛЫСТЫҚ ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


2018 жылғы 12 маусым күні облыс әкімінің орынбасары 
Р. Рүстемовтің төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті. 

Комиссия отырысында Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан келіп түскен 27 көше мен 17 нысанға атау беру мен қайта атау туралы ұсыныстар қаралды. 
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ономастика саласында идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанған атауларды тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгертуге рұқсат етіліп, объектілерді, әкімшілік-аумақтық бірліктерді және олардың құрамдас бөліктерін кісі есімімен атауға немесе қайта атауға шектеу қойылған.
Бүгінгі күні ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан аталған тапсырмаларды сақтау қатаң ескертілген. Сондай-ақ, нысандарға атау беру туралы ұсыныстар бірінші кезекте 
ҚР Президенті Әкімшілігінен келісім алу арқылы жүргізіледі. 
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерінің жобасын әзірлеген. Алдағы уақытта объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде аталған атаулар тізбесі басшылыққа алынады. 
Облыстық ономастика комиссиясына келіп түскен ұсыныстарды қарау барысында жоғарыда аталған тапсырмалар басшылыққа алына отырып, шешім қабылданды. Жұмысшы орган - облыстық ішкі саясат басқармасы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысын Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне жолдап, оң қорытынды берілген нысандар бойынша ұсыныстар облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізілетін болады.

15 маусым 2018 ж. 1 122 0