Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Төменарықтағы жаңа спорт кешені

Төменарықтағы жаңа спорт кешені


Төменарық ауылында көптен күткен жаңа спорт ғимаратының лентасы қиылды. Жас кәсіпкер Евгений Метелевтің инвесторлығымен жабық жасыл алаң ауыл жастарына тарту етілді. Қазыналы қариялар мен ауыл жұрты түгел жиналып, қуанышты сәттің куәсі болды.


Жалпы Төменарық жастарының аладопқа деген қызығушылығын жақсы білеміз. Әуесқойлар арасында аудан, облыстық турнирлерде төбе көрсетіп, жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Былтыр Шымкент қаласында өткен шағын футболдан әуесқойлар арасындағы ел чемпионатында өнер көрсетіп, өзіндік тарих орнатты.
– Бүгінгі ел игілігіне берілген жаңа спорт кешені болашақ чемпиондарды дайындайтын құт мекенге айналсын. Осы ауылдан ертең елдің көк туын көкте желбірететін жас дарындардың шығуына баршамыз тілеулеспіз. Евгенийдің туған топырағына, кіндік қаны тамған ауылына жасап жатқан игі істері аз емес. Жас кәсіпкер ауыл халқына үлкен монша салып, шағын кәсібін бірер жыл бастаған болатын. Енді, міне, спортқа да ден қойыпты. Әзірге футбол алаңы пайдалануға берілсе, келешекте волейбол спорты да іске қосылады деп күтілуде. Өзімізден шыққан осындай инвестор азаматтарға мемлекет қашан да қолдау көрсетуге дайын. Ең бастысы, ауыл спортын биікке көтеретін азаматтар шыға берсін! – деп аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов жылы лебізін білдірді.
Ыстық ықыластан соң құрылысқа ат салысқан ауыл азаматтары марапат мінберіне көтеріліп, аудан әкімінің алғысына бөленді. Төменарық ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Темірбек Құжанов қария ақ батасын беріп, елдің атынан алғысын жеткізді. Шара соңында ас беріліп, Құран бағышталды.

– Бұл тек менің ғана емес, жан жарым Жансаяның және достарымның еңбегі. Күні-түні қызмет жасаған жерлестеріме, құрыш қолды құрылысшыларға отбасымның атынан алғыс білдіремін. Бұл бастамасы деп қабылдаңыздар, болашақта бұдан да бөлек жоспарларымыз бар. Ең бастысы, ауыл балаларының болашағы жарқын болып, спорттан биік мінберлерден көрінсе деген ниетіміз бар. Спортпен айналысамын деген жандарға есігіміз әрқашан ашық, – дейді кәсіпкер Евгений.

Соңғы жылдары ауданда спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның айқын дәлелі соңғы бірнеше жылдың ішінде 15 жаңа спорт кешені бой көтерген. Оның ішінде, 10 нысан мемлекеттік-жеке­шелік әріптестік негізінде салынса, 3 спорт кешені республикалық бюджет есебінен, ал 2 спорт нысаны жеке кәсіпкерлердің бастамасымен ел игілігіне берілді. Айта кететіні, бұл – аудандағы осымен үшінші жабық алаң. Кентте және Қожакентте салынған кешен енді міне Төменарықта бой көтерді. Турнирлер мен түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіледі. Бұған барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
– Бұл тек Төменарық тұрғындары үшін ғана емес, аудан жастары үшін керемет жаңалық болды. Салынып басталғанда бітуін асыға күттік. Міне, ол күн де келді. Кәсіпкер Женя ағамызға үлкен алғыс білдіреміз. Бұйырса осы осы жерден чемпиондар шығып, үлкен ареналарда жүрулеріне тілекшіміз, – деді жас спортшы Абай Айтжан.

Әли ТЕМІРБЕК

16 қыркүйек 2025 ж. 1 699 0