№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » « МЕРГЕН АРУ – 2025 » аудандық бәсеке

« МЕРГЕН АРУ – 2025 » аудандық бәсеке

Қызылорда облысы білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша беру орталығының және Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық іс-шаралар жоспарларына сәйкес, мектеп оқушы қыздар арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен «Мерген ару-2025» әскери-патриоттық аудандық сайысы 2025 жылы 13 наурыз күні Сүттіқұдық ауылы № 52 мектеп базасында өткізілді.
                                  
Сайысқа:
-        Орталық аймағы ( №№ 163,286,289, А.Абдуллаев мектептер )
-        Ордакент аймағы ( №№ 3,169,193, Ө. Жұмаділлә мектептер )
-        Сығанақ аймағы ( №№ 52,194,195 мектептер )
-        Ынтымақ аймағы ( №№ 164,221 мектептер )
-        Тау аймағы ( №№ 54,161,180,239 мектептер )
-        Сыр аймағы ( №№ 167,168,196,245 мектептер )
-        Аққорған аймағы ( №№ 184,192,256 мектептер )
командаларынан оқушы қыздар қатысты
Мектептің спорт залында мектеп командалары сапқа тұрғызылып, ҚР Мемлекеттік туы енгізіліп, мемлекеттік гимн орындалды.
№ 52 мектеп директоры Асылжан Өтебаев
Білім бөлімінің әдіскері Қайбрахман Еркінов, 
№ 163 мектеп АӘТД пәні о/ұ Қуаныш Абилакимов салтанатты жиынды ашып, сайысқа қатысушы мектеп командаларына сәттілік тіледі.
№ 192 мектеп АӘТД пәні о/ұ Арман Егембердиев сайыстың ережесін таныстырып шықты.
Сайыс бағдарламасы бойынша:
-        Пневматикалық винтовкамен нысана ату,
-        Пневматикалық винтовкамен жылдамдыққа нысана ату,
-        АК-74 М оқу қаруын жартылай бөлшектеу/ жинақтау,
-        АК-74 М оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау,
-        Жалпы әскери қорғаныш жиынтығын кию,
-        Алғашқы дәрігерлік көмек,
-        Шалқалап жатып денені көтеру /пресс/
сайыстары бойынша оқушылар сынға түсіп, бақтарын сынады.
Мектеп оқушы қыздар арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен «Мерген ару-2025» әскери-патриоттық аудандық сайысына қатысушы командалар төмендегідей көрсеткіш көрсетті:
       Бас жүлде ЫНТЫМАҚ аймағы ( №164,221 мектептер )
       І – орын СЫР аймағы ( №167,168,196,245 мектептер )
       ІІ – орын АҚҚОРҒАН аймағы ( №184,192,256 мектептер )
       ІІІ – орын ОРТАЛЫҚ аймағы ( №163,286,289,Абдуллаев мектептер )
         
           Облыстық кезеңге іріктеліп шыққан оқушылар:    
1.      № 192 орта мектеп – Бағдатқызы Айда
жетекшісі: Арман Егембердиев
2.      № 221 орта мектеп – Аятбек Қарақат
жетекшісі: Алмат Қожатаев
3.      № 221 орта мектеп – Үсенбек Рамина
жетекшісі: Алмат Қожатаев
4.      № 245 орта мектеп – Садыр Нұрай
жетекшісі: Шайхидин Тлеубергенов
5.      № 256 орта мектеп – Мамрайым Шарапат
жетекшісі: Шәкірқожа Үсенов
 
Сайыстың қорытынды бөлімінде орын алған жеңімпаз командалар мен үздік нәтиже  көрсеткен оқушыларға Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің дипломдарымен және медальдарымен, « Үздік мерген ару-2025 » номинациялы лентамен марапатталып, сайыс бағдарламалары бойынша үздіктер облыстық кезеңге жолдама алды.
 
Арман ЕГЕМБЕРДИЕВ
Бірлестік жетекшісі
16 наурыз 2025 ж. 265 0