№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Dostar»: жас футболшылар клубы

«Dostar»: жас футболшылар клубы


Жаңақорған Сыр еліндегі футболдың кішігірім отаны деуге болады. Оған дәлел де көп, кешегі Ахмет Алайдаров, бүгінгі ел мақтаныштары Думан Нәрзілдаев, Нұрхан Байзақов, Ерболат Рүстемов және өзге де өсіп келе жатқан жас буынды айтуға болады. Ауылдың қара домалақтары бүгінде елдің әр өңірінде кәсіби деңгейде доп тебеді. Барлығы да мектептен доп теуіп, стадионға барып, Тұрсынхан ағайдан тәлім алды. Бірақ арнайы футбол клубынан тәлім алмады. Осы орайда айтпағымыз, ауданда алғаш рет болашақ кәсіби футболшыларды дайындайтын клуб құрылды. «Dostar» деп аталатын балалар клубы өз жұмысын бірнеше жыл бұрын бастап, бүгінде жақсы нәтиже көрсете бастады.


Ашылғанына жыл толған үйірме әзірге 5 жастан 15 жасқа дейінгі өскіндерді жаттықтырады. Небәрі 1 жылдың ішінде жақсы жетістік көрсете бастады. Кенттегі «Арена» спорт кешенінде жаттығатын жас­тардың бүгіні мен болашағына байланысты бапкерлермен кішігірім сұхбат жүргізіп, клубтың келешегіне көз тастап көрдік.
– Аптасына 3 рет өткізілетін үйірменің аз уақытта жеткен же­тістігі де аз емес. Облыс, республи­ка және халықаралық дәрежеде­гі жеткен жетістіктері бар. Атап айтқанда кешегі маусым айының 15-16 жұлдызында Қызыл­орда қаласында өткізілген халықаралық футбол жарысында барлық ко­манданы оза шауып 1 орынды иеленді. Жарысқа 2012-2013 жыл­ғы жасөсіпірімдер қатысты. Аудан­ның намысын қорғаған біздің “Dostar” футбол командасы Бішкек қаласынан келген “Алан” коман­дасын, Шымкенттің “Шымcity”, “Металлург”, Қызылорда қаласы­ның намысын қорғаған “Қайрат”, “Арман”және өзге командаларды қапы қалдырды. Міне, осындай жетістіктеріміз бар, – деді жас бапкер Нұрғасыр Айдарбекұлы.
Әзірге үйірме дегенімізбен ер­теңінен үміт күттіретін балаларға расында қолдау керек-ақ. Қазіргі жеткіншектердің екінің бірі фут­болшы болуды армандайды. Сон­дықтан ата-аналар бұл жолдан бас тарта алмасы анық. Бұл тұрғыда үйірмеге келетіндер саны көбейіп келеді дейді бапкерлік штаб.
– Рамазан Біржан және Нұр­сұлтан Нұрланұлы сынды бапкер­леріміз бар. Аптасына 3 күн ұш бапкер жаттығуды үзбей келеміз. Қатысушы жасөспірімдер саны күннен күнге артып келеді. Ко­мандалық жаттығудың арқа­сын­да әр жаттығу сайын балалар шыңдалып келеді. Жалпы үйірменің үйретері көп. Өнерге, спортқа икемі бар балалар үшін ғана емес, жалпы жасөспірімдер үшін өте тиімді. Ең бастысы, ата-ананың қалтасына салмақ түспейді. Мұндай ауқымды жобаның жүзеге асып жатқанына ата-аналар да қуанышты, – деді Нұрғасыр бапкер.
Өткен аптадағы турнирге тоқ­тала кетсек. Ауданның намысын Талас Серік, Мұса Бекзат, Айдарбек Нұрасыл, Асылбек Данияр, Тұр­ман Мәулен, Өтеген Жасұлан, Орынбасар Ернұр, Қасымбек Нұр­лыбек Бибатыр Ақылбек, Ертас Байжан сынды жас аяқ допшылар қорғады. «Үздік ойыншы» номина­циясымен Асылбек Данияр, «Үздік бомбардир» номинациясымен Ай­дарбек Нұрасыл марапатталды. Бұл да үлкен жетістік.
Қысқаша айтқанда, осындай жастардың жарқын жобасын қолдап, өскелең ұрпақтың бола­шағына жарық жол ашу үлкен жауапкершілік. Сондықтан үйірме­нің жұмысы жанданып жатса, ал­дағы 5-6 жылда кәдімгідей клуб деңгейінде таланттарды тұғырға қондыра бастайды. Қалғанын уақыт көрсетеді, ең бастысы, жастардың бастамасы өте жақсы, енді да­мыту керек. Спорттың ертеңі ау­ыл балаларының бүгінінде екенін ұмытпасақ болғаны...

Әлібек ТЕМІРБЕК
25 маусым 2024 ж. 1 176 0