Облыс біріншілігі: Сығанақ қоламен қуантты
Футболдан Жаңақорған ауданының «Сығанақ» құрама командасы облыстық біріншілікте 3-орынды иеленді. Жанкүйерлерін қоламен қуантқан жаңақорғандық футболшылар биылғы маусымды сәтті аяқтады.
Жаңақорғанда еркін күрес пен бірге футболдың дамуы жақсы, бірнеше жас қазір кәсіби деңгейде елдің әр өңірінде доп теуіп жүр. Осының өзі аудан футболының деңгейін көрсетеді.
Кезінде Тұрсынхан Мұсаев іргетасын қалаған ауданның футбол құрамасы үздік үштіктен түскен емес. Кейбір жылдары қатарынан екі жыл чемпиондық атақты ұстап тұрды. Ерлан Әптаев бастаған аяқ допшылардың аяқ алысы жоғары. Бұл жолы сәл сәттілік жетіспей қалды. Келер жылы 1-орынмен қуантады деген сенімдеміз. Ең бастысы, жастардың жігері мықты, қолдау әлі де керек тәрізді.
Алға "Сығанақ"!