№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жаңақорған ауданы жастары қатты қызығатын спорттың бірі – футбол

Жаңақорған ауданы жастары қатты қызығатын спорттың бірі – футбол

   Тұрсынхан Мұсаев ағайдың салып кет­кен сара жолымен келе жатқан аудан футболшылары Сыр өңірінде үздіктер қатарында. Кешегі күнге дейін бірнеше рет аудандар арасында өтетін Аймақтық Лиганың көшін бастап жүрді. Ерболат Рүстемов бүгінде «Ақжайық» намысын қорғап жүрсе, Нұрхан Әлиманов «Жетісудың» сапында доп теуіп жүр.

  Ал, мектеп жасындағы футболшылар былтыр республикада екінші орын алса, биыл чемпион атанды. Міне, қазақ елінің болашақ футболшылары осылар.
Ауданда футболдың дамуына Ерлан (Папен) Әптаевтың да үлесі айтарлықтай. Ол Сыр өңіріне бапкерлігінен бөлек шебер ойыншы ретінде танымал.
– Жаңақорған ауданы жастары қатты қызығатын спорттың бірі – футбол. Бүгінде облыста ересектер, жастар, жасөспірімдер арасындағы өтетін турнирлерде біздің команда фаворит саналады. Әрі мұндай сенім үдесінен шығып келеміз, – дейді Ерлан Әптаев.

Ж.Сейдеметов.

17 мамыр 2019 ж. 1 170 0