Соңғы жаңалықтар

№35 (8849) 13

13 мамыр 2025 ж.

№34 (8848) 10

10 мамыр 2025 ж.

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Головкин әлемдегі ең танымал 100 спортшының тізіміне енді

Головкин әлемдегі ең танымал 100 спортшының тізіміне енді


Беделді "ESPN" басылымының спорт сарапшылары әлемдегі ең танымал спортшылардың рейтингін жариялады. Бұл қатардан отандасымыз Геннадий Головкин де көрінді. Қазақстандық боксшы әлемдегі ең танымал спортшылар тізімінде 61-орынға жайғасқан. Ал рейтингке бар болғаны 6 боксшы ғана енген.

Флойд Мейвезер (кішісі) 14-орында, Энтони Джошуа 46-орында тұр. Ал Генаның басты қарсыласы саналып жүрген мексикалық Сауль Альварес 58-ші орыннан көрінді. Геннадий Головкин танымалдылығы жағынан филиппиндік Мэнни Пакьяо мен украиналық Владимир Кличконы басып озған. Әлемдегі ең танымал спортшылар рейтингін португалдық футболшы Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орында баскетболшы Леброн Джеймс болса, үштікке Лионель Месси енген. Ең танымал спортшылар жылдық табысы, жарнама агенттіктерімен келісімшарттары, әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны мен іздеу жүйелерінде (google, yandex, т.б.) есімдерінің көп сұралуы бойынша анықталған.

24 мамыр 2018 ж. 1 907 0