№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЧЕМПИОНАТ ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕДІ

ЧЕМПИОНАТ ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕДІ


Тұңғыш рет Жаңақорғанда бокстан Қазақстан Республикасының чемипионаты өтуде. Жасөспірімдер арасындағы додаға елдің түкпір-түкпірінен 160-тан кіл мықтылар келді. Аймақтық сыннан сүрінбей өткен былғары қолғап иелері үздіктерді анықтайды. Аламанның салтанаты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен аудан әкімі Ғалым Әміреев арнайы қатысты.
– Бокс қазақ жерінде 1936 жылдан бастау алады. Шоғыр Бөлтекұлы салған сара жолды жалғап келе жатқан қазақ ұлдары әлемдік ареналарда көк туды көкте желбіретіп, Әнұранды шырқатып келеді. Қазақ боксшылары Олимпиада ойындарында алтын медалсіз қайтқан емес. Ал, Азия құрлығында үздік құраманың бірі. Бүгінде қазақ былғары қолғап шеберлері кәсіпқой боксте де табысты өнер көрсетіп жүр. Бұл қазақ ұлтының спорттың жекпе-жек түріне жетік меңгергенін танытады. Яғни, жауынгер бабаларымыздың аманатын абыроймен атқарып жүрміз.
Қаратау өлкесіне Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқадан келген жас былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тілеймін. Жеңісті күндер көп болғай! – деді Руслан Рүстемұлы.
Одан кейін Ғалым Махмұтбайұлы жарысқа жеңіс үшін келген жастардың жігерін жанып, елдің намысын халықаралық ареналарда сәтті қорғауға тілектестік білдірді.
Ашылу салтанатында жарыстың супервайзері, Халықаралық дәрежедегі АІВА төрешісі Қуаныш Қалашев үздік үш төрешіні марапаттады. Оның ішінде, бір жұлдызды Халықаралық дәрежедегі АІВА төрешісіне арналған «Сертификатқа» Дінмұхаммед Абайханға табысталды.
Айта кететіні, Сыр өңірінен сынға түскен бес боксшының төртеуі біздің жігіттер. Бұл аудан боксының қаншалықты дамып келе жатқанының белгісі.
Чемпионаттың жалауы мамырдың 23-інде түсіріледі. Сондықтан, мақаланың толық нұсқасын газетіміздің алдағы санында оқи аласыздар.

Әли ТЕМІРБЕК.
22 мамыр 2018 ж. 1 086 0