№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жегі сәуір айында өтеді

Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жегі сәуір айында өтеді


Олимпиада чемпионы ақыры кәсіпқой боксқа ауысты. Бұған дейін Данияр Елеусінов бір мүмкіндік жасап көріп онысы сәтсіз аяқталған. Бұл жолы әйгілі былғары қолғап шебері ұзақ ойлана келе, әуесқойдан кетуге нақты шешім қабылдадым деп отыр. Тіпті бірінші шайқасының қашан  өтетінін жоспарлап қойыпты. Бұл туралы КТК хабарлады.

69 келідегі олимпиада чемпионының кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі  сәуірдің 28-інде Нью-Йоркте өтпек. Екінші кездесуі Лондонда маусымның 2-інде жоспарланып отыр. Бірақ қарсыластары әлі таңдалмаған. Ал Елеусінов британдық «Matchroom boxing» компаниясымен 3 жылға келісім-шартқа отырғанын кеше мәлімдеген болатын. Проуметрі 4 әлем чемпионын дайындаған   атақты Эдди Хирн екен. Негізгі жаттықтырушы ретінде Даниярды туған әкесі баптай береді. Тіпті Даниярдың туған ағасы Дәурен де кәсіпқой бокста. Ал Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысуына байланысты Токио Олипиадасына бара алмайтынын ашық айтты. Өйткені, қазір әуесқоймен біржола қоштасқан олимпиада чемпионы қарсылас іздеудің қамына кіріскен.
«Ең мықты қарыласты таңдап аламыз деген ой жоқ. Асығыстық жоқ ондай. Кәсіпқой бокстың табалдырығын енді аттап жатқаннан кейін,оның қандай бокс екенін көру керек бірінші. Мүлдем басқа спорт деп жатады кей кезде. Бұл форматта бокстасып көрмегеннен кейін асығыстық жасамаймыз деп ойлаймын»,- деді бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.
08 наурыз 2018 ж. 941 0