№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еркебұлан және әлем чемпионы

Еркебұлан және әлем чемпионы


Жаңақорған спорты аталса еске еріксіз еркін күрес балуандары түседі. Талай байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап, әлемдік ареналарда аты озған балуандар біздің ауданнан көп шықты. Азия мен түркі әлемінің додаларында дара шыққан мақтаныштарымыз аз емес. Әлемге танымал бапкерлер де жетіп артылады. Солардың ішінде, жалпы тәуелсіз қазақ еліне алғашқы әлемнің алтын жүлдесін алып берген бапкер де бізден шықты. Аядай ғана Бірліктен шыққан ағайынды жігіттер егемен елдің күрес тарихында есімдері алтын әріппен жазылды. Оларды ағайынды Кешубаевтар, біз бүгін әлемді мойындатқан Ризабектің төл ұстазы Еркебұлан туралы сөз етпекпіз.


Ауданның еркін күрес мектебінің қалыптасуында Ақүйік ауылының өзіндік үлесі бар. «Балуандар мекені» деп аталып кеткен Бірліктен білікті бапкерлер ғана емес, алғаш Олимпиада есігін қаққан Жасұлан Мұхтарбекұлы деген балуанымыз бар. Міне, енді осы Тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен тұңғыш алтынға қол жеткізуде Бірліктен шыққан бапкердің есімі таңба болып басылды. Кешегі Сербияда өткен еркін күрестен өткен әлем чемпионатында жеңім­паз Ризабек Айтмұханның бапкері Еркебұлан мен Ролланды елге таныстырғымыз келді. Еркебұлан елге енді оралатын болған соң Роллан әріптестерімізге байланысқа шыққан болатын.
Еркебұлан 1985 жылы Бірлік ауылында дүние есігін ашқан. 1991 жылы №55 С.Қожанов атындағы мектеп табалдырығын аттап, 5 сыныпқа дейін осында білім алады. Осы аралықта нағашы ағасы Серік Әбдрахмановтан еркін күрес әліппесін үйренеді. 1996-1999 жылдары Шымкент қаласындағы №12 интернатта білімін жалғастырып, 1999-2001 жылдары Алматы қаласындағы №156 білім ордасында тәлім алады. 2001-2004 жылы Алматы қаласындағы республика­лық спорт колледжінде диплом алады. 2004-2006 жы­лы Спорт академиясын бітірген. Алматы кубогын, халықаралық турнирлерде тұғыр биігінен көрініп жүрді. Еңбек жолын сол 2007 жылы бастап, бүгінге дейін қанатының астынан қаншама чемпиондарды ұшырды.
Роллан ағамыздың айтуынша, Ризабекті қолына 2020 жылы 10 сыныпта әкесі әкеп тапсырған. Яғни, Алматыдағы Шаңырақ шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде дене шынықтыру және еркін күрес мамандығына. Роллан ағамыз осы мектепте 20 жылдан бері бапкерлік қызметте. Бүгінде аға жаттықтырушы. Қазір Ризабекті Еркебұлан Кешубаев жаттықтырып жүр. 2020 жылдан бастап жас балуанды жаттықтыруды бастап кеткен ағайынды Кешубаевтар жемісін араға жыл салып көре бастаған. Ризабек батыр 2021 жылы Қазақстанның күміс жүлдегері, 2022 жылы «U-23» жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Содан Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарды. Алматыда өткен алтын­шы Спартакиадада алтыннан алқа тағынса, көктемде Астанада ересектер арасындағы Азия чемпионатында, кейіннен Иорданиядағы әлем чемпионатында күміс медальды жеңіп алған. Қысқасы, балуанның бағын ашқан Бірліктің бапкерлері десек артық айтқан емес.
“Балуандар мекені"Ақүйікте кешегі 70-жылдардың ортасында еркін күрес мектебінің іргетасын Орынтай Жолшиев қалады. Одан тәлім алған бапкер Серік Абдрахманов талай шәкірттің түлеп ұшуына сеп болды. Еркебұланда Серік ағамыздың төл шәкірті. Бүгінде Жанболат Бердиев сынды білікті бапкерлер аға буынның ізін жалғап келеді. Ауылдан шығып, Алматыда аға бапкерлік қызметін атқарып жүрген Пернебек Беласаров Азия, Әлем чемпионатына шәкірттерін шығаруда. Сыр өңірінен тұңғыш күрес түрінен Олимпиадаға қатысқан ақүйіктік Жасұлан Мұхтарбекұлы да Шымкентте шәкірттерді шыңдауда. Айта берсе Бірліктен шыққан балуандар өте көп. Міне, сол көштегі Еркебұлан Кешубаевтың да қазақ күрес тарихының алғашқы парағында алтын әріппен аты жазылды.
Айналдырған 3-4 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстан тарихында Тұңғыш алтын алудың құпиясын сұрадым. Білгенім, әкенің тәрбиесі үлкен рөл атқарды деді. Яғни, Ризабектің әкесі, оның алғашқы бапкері, жанашыры. Үйден қадағалау тұрақты һәм нәтижелі. Жас балуан демалысқа ауылына Солтүстік Қазақстанға кеткенде де ол жақта әкесі тренировканы үзбеген. Зиянды тағамдарды жегізбеген. Мақсат – Олимп шыңын бағындыру. Одан бөлек әкесі Қанат сборларда, жарыста, елімізде, шетелде бір елі қасынан қалмай ұлының жанынан табылған. Алматыға келгенде Роллан мен Еркебұлан ағамыз жіті қадағалап, режимді бұздырмаған.Тек тәртіп. Ұйқы, жаттығу, демалу. Бәрін бапкерлерінің айтқанындай екі етпей орындаған Ризабек сарыла күткен алтынға осылай қол жеткізген. Әрине, алғашқы бапкері, әкесі Қанат Жолдасбаевтың еңбегі ерен. Оған талас жоқ. Бір сөзбен айтқанда, Еркебұланнан талай чемпион күтеміз. Қалғаны уақыттың еншісінде...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ


26 қыркүйек 2023 ж. 489 0