№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ағай есімі ел есінде жаңғырып тұр...

Ағай есімі ел есінде жаңғырып тұр...

Білікті бапкер, спорт жанашыры, ұлағатты ұстаз Қайрат Оралбековты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы турнир ұйымдастырылды. Тұңғыш рет өткізілген балуандар бәсексінде Ақтөбе, Қызылорда және Шымкент шаһарынан жас еркін күрес шеберлері келіп, жүлде жолында бақ сынады.
Қайрат Пәйізұлы былтыр 50 жасқа адымдаған шағында өмірден өтті. Оның аудан спортына, қазақ еркін күресіне қосқан үлес өте зор. Оған оның шәкірттерінің жеткен жетістіктері дәлел. Жаңақорған ауданынан алғаш Олимпиадаға қатысқан Жасұлан Мұхтарбекұлы Қайрат бапкердің төл шәкірті. Бейжің Олимпиадасында ел намысын қорғаған оғлан бүгінде ұстаз жолын жалғап Шымқаланың балуандарын баптап жүр. Ал, ұлттық құрама сапында жүрген Қанат Мұсабеков те Оралбеквтың оқушысы, шәкірті. Мұнан бөлек қаншама жастың спорт саласына келуіне, биік белесті бағындыруына еңбегі сіңді. Бір сөзбен айтқанда, Сыр спорты тарихының төрінен орын алатын азаматты ұлықтау жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушылар мен ағайын-туыстарына, аудан спортшыларына мың алғыс.
Жаттықтырушы рухына арнап «Қайрат» атты кітаптың тұсауы кесілді. Бапкер жүріп өткен жолы туралы жазылған құнды дүние жаз буынға үлкен өнеге болмақ. Кітап авторы – Серікхан Жүзеев. Жинақ кітаптың тұсауын ардагер спортшы ағамыз Мадияр Ахметов кесті.
Айтпақшы, турнирге Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаров және өзге де спорт саласында жүрген аға буын, жас спортшылар қона ретінде қатысты. Жасай бер, Жаңақорған еркін күрес спорты! Қайрат бапкердің арманын орындайтын балуандар шыға берсін..!

10 маусым 2021 ж. 680 0