№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Олжас олжалы оралды

Олжас олжалы оралды


Елорда төрінде Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайындаөткен парадзюдодан Азия чемпионаты қазақ спортшылары үшін табысты түйінделді. Құрлықтық біріншілікке барлығы 11 ел қатысып, бақ сынады. Жекелей сында балуандар барын салса, командалық есепте қазақ дзюдошылары қарсылас шақ келтірмеді. Қос белдесуде де ұлттық құрама қоржынына олжа алып келген Олжас Оразалыұлы қазақ елінің абыройын тағы асырып, жерлестерінің мерейін өсірді.


Алдымен балуандар жекелей сында бақ сынады. Татами төрінде әйелдер, сосын ерлер өнер көрсетіп, Азияның атағын сынға салды. Біздің Олжас 73 келіде өнер көрсетіп, жартылай сынға дейін сүрінбей өтті. Тек ақтық сынға жолдаманы уысынан шығарып, қола үшін белдесуде мықты екенін көрсетті. Олжас жалпы бұған дейін сары құрылық бәсекесінде топ жарып, парадзюдодан Әлем чемпионатын­да алтынмен қуантқан болатын. Былтыр тек қоламен қуантып, ақтық сынға өте алмай қалғаны болмаса. Сол олқылықтың орнын биыл толтыруға ниетті. Әрине бұл жолы сәттілік жетіспеді демесек, қазір ол нағыз спорттық бабында тұрған балуан.

– Өз елімізде өтіп жатқаннан кейін сенім мен жауапкершілік жүгі өте ауыр болды. Дегенмен жүлде алуға тырыстым, бұйырғаны қола болды. Алдыда Әлем чемпионаты мен келер жылғы Олимпиада ойындары күтіп тұр. Алла абырой берсе алтынсыз оралмаймын деген үміттемін. Бапкерлерім мен жанкүйерлеріме үлкен алғыс айтамын, – деді Олжас.

Келесі күні командалық сында қыздар мен жігіттер жан берісіп, жан алысты. Алдымен әйелдер құрама­сы алтынды жұлып алса, келесі күні ерлер бозкілемге көтерілді. Командалық сында Қазақстан ерлер құрамасында Ерғали Шамей (J1-73 келі), Жанбота Аманжол (J2-90 келі), Ерлан Өтепов (J1+90 келі), Олжас Оразалыұлы (J2-73 келі), Абылай Әділбеков (J1-90 келі) және Ерлан Конкиев (J2 +90 келі) ел намысын қорғады. Қазақстан үшін команда­лық жарыстағы шешуші белдесу Өзбекстан құрамасына қарсы өтті. Парадзюдо бойынша әлемде мықты ел болып саналатын Өзбекстан­ды қазақстандық спортшылар 4:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Осы кездесуде ең тартысты белдесу Олжас Оразалы мен Токио Паралимпиадасының чемпионы Фе­руз Саидов арасында өтті.
Белдесу басында Феруз Саи­дов бірінші вазари ұпайын ен­шілеген. Десе де, негізгі уақытта отандасымыз Олжас тиімді әдіс қолданып, есепті теңестіріп үлгерді. Қос балуанның күресі қосымша уақытқа дейін жалғасты. Қосымша уақытта Олжастың Феруз Саидов­қа қолданған әдісі нәтижелі шы­ғып, Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.Феруз Саидов Токиода өткен Паралимпиада ойындарының фи­на­лында отандасымыз Дәулет Те­міржанды ұтқан болатын. Біздің Олжас Азия чемпионатында ко­мандаласы Дәулеттің есесін қай­тарды.
Осы кездесуде Ерғали Шамей, Жанбота Аманжол, Ерлан Өтепов те өз кезегінде қарсыластарынан басым түсті. Жарыс айналмалы жүйеде өткендіктен ел құрама­сы Өзбекстаннан кейін Моңғолия командасымен кездесіп, Азия чем­пионатының командалық жары­сында жеңімпаз атанды. Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болса, Моңғолия мен Үндістан спортшылары үздік үштікті қорытындылады.
Еске салайық, Қазақстан құ­рамасы Азия чемпионатының же­келей жарысында төрт алтын, төрт күміс және алты қола жүлде жеңіп алған болатын. Олжастың бапкерлік құрамында Жанарбек Сансызбаев, Руслан Беркимбай және Біржан Иманбаев бар.

– Олжастың әрбір жеңісі жаңақорғандықтар үшін үлкен мақтаныш. Оның спортқа деген қызығушылығы бала кезден көрінді. Оның жас болса да жігері мықты, жеңіске деген құлшынысы осындай биікке шығарды. Сондықтан, осы жолдан таймаса ол әлемді бірнеше рет бағындырарына күмәнім жоқ, – дейді алғашқы бапкері Біржан.

Ұлттық құрама мүшесі, Халық­аралық дәрежедегі спорт шебері Олжас М.Нәлібаев ауылының ту­масы. Алғашқы бапкері Біржан Иманбаев болды. Кейіннен қалаға қоныс аударып, сонда тәлім алады. Жанарбек Сансызбаев пен Руслан Беркімбай баптайтын балуаннан әлі талай жеңіс күтеміз. Ең басты­сы, Олимпиада жүлдесі бұйырсын, жерлестері соған тілеулес.

Әли ТЕМІРБЕК

03 мамыр 2023 ж. 380 0