№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлем біріншілігі Сыр елін сүйінші хабармен қуантты

Әлем біріншілігі Сыр елін сүйінші хабармен қуантты

 Португалияда парадзюдодан жалауы желбіреген Әлем біріншілігі Сыр елін сүйінші хабармен қуантты. 60 келі салмақта ел намысын қорғаған Олжас Оразалыұлы қарсылас шақ келтірмей әлемді мойындатты. Бұл жаңақорғандық жас балуанның олимпиада ойындары жолындағы жеңісінің бастамасы ғана.


  Португалияның Одивелаш қаласында өткен парадзюдодан 60 келіде сынға түскен Олжас алғашқы белдесуінде испаниялық Боржа Пахиссанды ұтты. Бозкілем төріне бірінші болып көтерілген қазақ балуаны қарсыласына иппон әдісін қолданып, чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Одан кейін, күншығыс елінің мықтысымен жолы түйісті. Азия құрылығында есімі енді танылып келе жатқан жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңген отандасымыз жартылай сынға жолдама алды.
Жартылай сында оны әзірбайжандық Орхан Жараев күтіп тұрған еді, оны да таза жеңген Олжас ақтық сында тағы алжирлік Ишак Оулдкоуидермен кездесті. Шешуші сында барын салған қос мықты соңғы секундтарға дейін алтын үшін арпалысты. Дегенмен, қарсыласынан айласын асырған Сыр балуаны ел қоржынына алтын жүлдені сыйлады.
Жалпы, Олжас осыған дейін Әлем кубогы жолында екі жыл қатарынан күміс және қоламен қуантқан болатын. Енді міне Әлем біріншілігінде алтынды мойынға тағып, қазақ елінің әнұранын Еуропа төрінде шырқатты.
Естеріңізде болса төл басылымға сұхбат берген М.Нәлібаев ауылының тумасы Олжас арманым олимп шыңын бағындыру деген еді. Бірақ, алдымен әлемдік сында топ жарсам деген мақсаты барын айтқан болатын. Мақсатына жеткен балуаннан енді Олимпиада алтынын күтеміз.
– Бұл тек менің жеңісім емес, бұл қазақ елінің алтыны. Сондықтан, маған жанкүйер болып, қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс білдіремін. Бұйыртса жеңісті күндер әлі алда деп сенемін, – деді Олжас.
Баласы көкпар шапса, анасы үйде тақымын қысады, демекші, чемпионның ата-анасы, бауырларының қуанышында шек жоқ. Тіпті, алғашқы бапкері Біржан Иманбаев өз шәкіртінің осындай биіктерден көрінгеніне дән разы.
– Олжастың спортқа деген қызығушылығы бала кезден көрінді. Оның жас болса да жігері мықты, жеңіске деген құлшынысы осындай биікке шығарды. Сондықтан, осы жолдан таймаса ол әлемді бірнеше рет бағындырарына күмәнім жоқ, – дейді.
Спорт баспалдағын ауылдағы қазақ күресінен бастаған Олжас жасөсіпірімдер арасынан бірнеше рет ел біріншілігінде тұғырдың биігінен көрінді. Кейіннен дзюдоға ауысып, жастар және ересектер арасында Қазақстан чемпионатында жүлделі орыннан көрініп үлгерді. №196 мектеп түлегі қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде денешынықтыру мамандығы бойынша білім алуда. Жас балуан бүгінде Руслан Беркімбайдың қол астында жаттығады.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
20 қараша 2018 ж. 1 277 0