№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » КІЛ МЫҚТЫЛАР ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

КІЛ МЫҚТЫЛАР ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында өтетін Әлем Кубогында 38 елден келген триатлоншылары бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаеваға сілтеме жасап. 

«Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында елордада Триатлоннан Әлем Кубогы өтеді. Жарыс мамырдың 19-20 күндері «Триатлон паркінде» ұйымдастырылады. «ITU World Cup Astana 2018» жарысына қатысуға бүгінде 38 мемлекеттен 140 атлет өтінім берді. Спортшылар стандартты қашықтық бойынша сынға түседі. Яғни, ол 1500 метр - жүзу, 40 шақырым - велокезең, 10 шақырым - жүгіру», - деп хабарлады Раухан Тоғымбаева. 
Раухан Тоғымбаеваның хабарлауынша, Астанада Әлем Кубогын өткізу туралы шешім өткен жылдың күзінде қабылданған. Сол уақытта ITU президенті Марисоль Касадо елордаға келіп кеткен. Қазақстан Триатлон Федерациясының президенті Кәрім Мәсімовтің шақыртуымен елордаға келген ол Қазақстанда триатлон спортына деген қызығушылыққа жоғары баға берген еді. Өз кезегінде Кәрім Мәсімов «Astana Asian Cup 2017» - Азия Кубогынан кейін Қазақстан триатлоннан халықаралық деңгейдегі жарысты өткізуге дайын еткенін хабарлаған болатын. 
10 мамыр 2018 ж. 835 0