ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ФУТБОЛ ЖАҢАЛЫҒЫ
Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасын әлем чемпионатына алып шыға алмаған жаттықтырушы Самвел Бабаян елдегі футбол саласындағы қызметтерден өмір бойына шеттетіліпті. Міне, қызық.
Мұндай шешімді футболдан Өзбекстан атқарушы комитеті қабылдады. 46 жастағы маман Өзбекстан құрамасын 2015 жылдың маусымынан 2017 жылдың қыркүйек айына дейін жаттықтырған. 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында топта төртінші орын алып, жолдамадан қағылды. Қосымша жолдамаға таласу мүмкіндіктері болғанмен, оны да пайдалана алмады. Өзбекстан футбол федерациясы жаттықтырушыны тәжірибелі мамандар мен сарапшылар пікіріне құлақ аспай, өзі таныс ойыншыларды ғана ойнатты деп айыптап отыр.
Дереккөз: массагет.кз