№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерденнің еңбегі еленді

Ерденнің еңбегі еленді

Мектеп қабырғасында жүріп Қазақстан Республикасының «спорт шебері» дәрежесін алу екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Біздің ауданның өзінде санаулы ғана жас осындай биікті бағындырғанын білеміз. Мақаланың бүгінгі кейіпкері Ерден Тұрсынбек небәрі 17 жасында спорттағы алғашқы биік асудан асты. белгілі себептерге байланысты ол уақытша жаттығу залынан қол үзіп, денсаулығын қалпына келтіруде. Сәті түсіп чемпионмен жолығып, болашағы туралы сырластық.
Жаңақорғанда таеквандо спорты­ның қайта еңсе тіктегеніне санаулы ға­на жылдар өтсе де жасөспірім спортшы­лар үлкен шыңдарды бағындырып үл­герді. Кәмілжан Нақышпанов бап­таған шәкірттер облыстан олжалы оралып, республикалық турнирлер мен ел біріншіліктерінде аудан абыройын асырып келеді.
– 2013 жылы таеквандо үйірмесі ашылып, балғын спортшыларды баптай бастадық. Қаншама жасөспірім тәрбиеленіп, алдыңғы буынның біршамасы қазір елдің әр өңірінде білім алуда. Ерден де Қызылордадағы спорт мектебін бітіріп, колледжде білім алып жүр. Оның болашағы әлі алда, қатарластары бүгінде жоғары сыныпта, ал, Ерден колледж студенті. Былтыр ауданда орын алған апатқа байланысты спорттан уақытша қол үзіп қалғаны бар. Бұйырса, осы жылдың соңында татами төріне қайта оралады деп үміттеніп отырмыз, – деді Кәмілжан бапкер.
Иә, тек облыстың ғана емес, қазақ елінің байрағын көкте желбірететін жастың қатарға тез қосылғанын жерлестері асыға күтеді. Үйінің сүт кенжесі Ерден 2004 жылғы. Әрине, бұл белес Ерденге оңай берілмеді. Ең алғаш 9 жасында таеквондо үйірмесіне келіп, доянг (боз кілем) төрінен тер шығарған сәттен бастап, сегіз жыл уақыт өте шықты. Осы жыл ішінде алғашқы жаттықтырушысының айтқанын екі етпей, спортқа деген ыждағаттылығын үлкен арманға айналдырады.
Ерденнің ең алғашқы жарысы 2015 жылы Шиелі ауданында өткен ашық турнир болатын. Тұңғыш турнирде боз кілемге шыққан барлық қарсыластарын басымдықпен ұтып, 1-орынға ие болды. Міне, осы жарыстан кейін Ерденнің бағы жанып, қандайда болмасын жарысқа барса, жүлдесіз оралмайтын болды. Сол жылы қатарынан 3 рет облыстық, аудандық турнирде топ жарып, Сыр спортшыларына таныла бастайды. 2017 жылдан бастап, таеквондодан облыстық, республикалық кадеттер арасындағы біріншілікте бақ сынады. Жүлделі орыннан көрініп, жаттығуын жиілетті.
– 2018 жылы Атырау қаласында өткен ҚР кадеттер арасындағы чемпионатта күміс жүлдеге ие болдым. Алтын қолда тұрды, өкініш өзекті өртеді. Алайда жарыста кеткен есені дәл сол жылдың соңында тағыда Атырауда өткен «Ореn Қазақстан» халықаралық турнирінде қайтардым. Қарсылас шақ келтірмей, тұғырдың ең биігінен көрініп, алғаш чемпион атандым. 2018 жылдың соңында Шымкент шаһарында өткен ел чемпионатында өз салмағымда кім мықтыны көрсеттім. Одан кейін екі мәрте республикалық жарыста алтыннан алқа тағынып, чемпион деген атағымды қорғап қала алдым, – деді Ерден.
Ерден Қуанышбекұлы 2021 жылдың жаз айында Елорда төрінде өткен V-жастар ойындарында таеквондодан Қазақстан чемпионатында тағы да алтынды мойынға тақты. Сол жарыстың үздігі ретінде барлық нормативтерді орындағаны үшін жақында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен ол Таеквондодан (WT) «Қазақстан Республикасының «спорт шебері» атағын салтанатты түрде иемденді.
– Ерден болашаққа қандай жос­парың бар?
– Алла бұйыртса жыл соңына дейін аяғымдағы жарақатым жазылып, жаттығуға кірісемін деген жоспарым бар. Келер жылы тек қалпыма келіп алуым керек, одан соң үлкен спортқа қайта келемін.
– Неге бұл спортты таңдадың?
– Негізі менде таңдау көп болды, бірақ жан дүнием осы спортты қалап тұрды. Алғаш басыма шлем киіп, арнайы киімді кигенде-ақ бала болсамда бұл спорт менің болашағым деп түсіндім. Бар үмітім денсаулығымның қалпына келуі, бұрынғы күйіме қауышып, жастар қатарына қосылып, әлемдік ареналарда өнер көрсеткім келеді.
Көзінде оты бар, талантты, талабы таудай жастың қатарға қосылуына тілектестік білдірдік. Айта кететені, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыстық сол уақыттағы спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жағыпар Тажмахановтың қолынан «Алғыс хат» алды. Бұлда болса, Жаңақорғандық жас спортшының Тәуелсіздікке қосқан таудай үлесі. Міне, шын талантты іздеп едік, оны таба алдық. Ол – Ерден Тұрсынбек.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
30 қаңтар 2022 ж. 709 0