№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Таеквондошылардың еншісінде төрт жүлде

Таеквондошылардың еншісінде төрт жүлде


Жақында таэквондодан балалар жасөспірімдер спорт мектептері ара­­сында өткен облыс біріншілігі аудан спортшылар үшін сәтті аяқ­талды. Кәмілжан Нақышпанов пен Нұрболат Абласан баптаған балғын такевандошылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қоламен қорытындылады.

Жаңақорған ауданында еңсе тіктеген спорттың бір түрі – таэквандо. Расында Кәмілжан жаттықтырушының қол астында жаттығатын өрендердің жеңісі мен жетістігіне қызыға да, қызғана да қарауға болады. Міне, бүгін сол жеңісті жолды қайта жалғады.
Алдымен татами төріне Мадияр Пазылдын көтерілді. 51 келіде өнер көрсеткен ол жартылай сында сүрініп, қола үшін тартыста жүлде еншіледі. Одан кейін жарыс жолына Тұрсынбек Ерден шықты, 63 келіде облыста нөмір бірінші спортшы екенін тағы бір дәлелдеді.
– Дайындығым жақсы болды, барымды салдым. Ағайларымның айтқанын екі етпедім, өзім білетін әдіс-тәсілдің бәрін қолдана алдым. Бапкерлеріме үлкен рақмет. Алда жарыс көп, босаңсуға болмайды. Бұйыртса, бұдан да биіктен көрінуге жұмыс жасаймын, – деді чемпион.
Ал, қыздар бәсекесінде Ғайни Ғалымжанқызы мен Аяна Әбсаттар да 59 келі салмақта бақ сынады. Ғайни ақтық сынға дейін сүрінбей жетті. Тек соңғы белдесуде уақыт жетпей, чемпиондықты беріп қойды. Ал, Аяна қоламен қуантты.
– Шәкірттер әлі жас, бірақ болаша­ғы алда. Қыздарға сәл сәттілік жетіспеді, әйтпегенде екеуі де чемпион болуға лайық. Біздің мақсат – әлем чемпионын шығару. Ол алдағы уақыттың еншісінде, соған жұмыс жасап жатқанымыз рас. Нәтиже жаман емес, тек осы бағытымыздан таймауымыз керек, – деді Кәмілжан бапкер.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
06 сәуір 2021 ж. 1 482 0