№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гандболшы қыздардың қауқары

Гандболшы қыздардың қауқары


Жаңақорғанда Құнанбай Салыбеков баптайтын гандболшы қыздар биылғы жылды табысты бастады. Олар жуырда Шиелі ауданында өткен Қазақстан Республикасы гандбол Федерациясының кубогі жолында күміспен оралды. Былтыр да күмісті місе тұтқан жаңақорғандық қыздар қызылордалықтарға тағы да есе жіберді. Алайда, аудандар арасында көштің тізгінін ұстаған жерлестердің күмісі бізге үлкен қуаныш сыйлады.

Дәстүрлі турнирге жеті ауданнан және қаладан келген «Қайсар» қыздары қатысты. Екі топқа бөлініп бақ сынаған командалар жүлде жолында аянып қалмады. Облыс құрамасының негізін құрайтын Сыр гандболшылары өз тобында көш бастап, ақтық сынға жолдама алса, алаң иелері үшінші орын үшін таласуға мүмкіндік алды. Үшінші орын үшін тартыста Шиелі командасы қоланы қанағат тұтты. Ал, екінші топта өнер көрсеткен Құнанбай бапкердің шәкірттері Арал, Қазалы және Сырдария бұрымдыларынан басым түсіп, ақтық тартыста бақ сынауға мүмкіндік алды.
– Топта бірінші орынмен шығу аса қиындық туғыза қойған жоқ. Алайда, осал команда жоғын ескерген жөн. Барлық аудан қандай турнир болмасын барын салады. Десек те, біздің негізгі қарсылас қызылордалық «Қайсар» командасы. Иә, бізге әрқашан қолдау көрсетіп, демеу болатын жанкүйерлерге алғыс білдіреміз, – деді «Сығанақ» командасының капитаны Гүлжайна Махмуд.
Сонымен, көпшілік асыға күткен ақтық сынға да келіп жетті. Шыны керек, көрермендер қайсарлық қыздардың фаворит екенін білді. Алайда, жаңақорғандық арулар да осал емес. Оған жарыс барысын тамашалаған жанкүйерлер куә. Алма-кезек шабуыл, қарымта гол салу жарыстың көркін қыздыра түсті. Ойынның соңғы минуттарында қалалықтар жеңісті жұлып алды.
Міне, құрамында Меруерт Өтеп, Жанерке Сейітқасым сынды мықты гандболшы қыздары бар Құнанбай шәкірттері «Жастар жылын» осындай жақсы жаңалықпен бастады. Айта кетейік, аудан құрамасының негізін құрайтын қыздар Келінтөбеден шыққан нәзік жандылар.
– Қыздарға сәл тәжірибе жетпей қалды. Әйтпесе, қолда тұрған жеңісті уыстан шығарып алмас едік. Енді осы қателіктердің орнын толтыратын боламыз, – деген білікті бапкер Шымкент қаласында жүргенін жеткізді.
2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты Шымкентте өткізіліпті. Облыс намысын қорғаған «Сейхун» құрамасының сапында жаңақорғандық Ақжүніс Орынтай есімді жас өнер көрсетті. Нәтижесінде, Сыр сұлулары қоламен қуантты.
– Алда қандай жоспарлар бар?
– Наурыз айында Шиеліде тұңғыш рет спорт мектептері арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Соған дайындықты бастап кеттік. Бұйыртса осы жолы алтын тұғырдан көрінеміз деген ойдамыз, – деді.
Иә, біз де бұрымдылардың жеңісіне сенеміз, себебі, Құнанбай қыздарының қарқыны қуатты...

Әли ТЕМІРБЕК.
13 ақпан 2019 ж. 1 031 0