№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елдің туын асқақтатқан арулар

Елдің туын асқақтатқан арулар

Қазақтың көк туын көкке көтеріп, Әнұранын шырқатқан спортшылар қатарында нәзік жандылар да байрағымызды биіктен түсірмей келеді. Жаны нәзік болғанымен, алатау рухты арулармен мақтана аламыз. Намысты бәрінен биік қоятын бұрымдыларды қалай дәріптесек те жарасады.
Бүгінгі балуандар көшінде Мереке Құдайбергенова, Меруерт Әбубәкір, Алиса Нұртас пен Диана Ғайбулла секілді білекті спортшыларымыз бар. Бұл арулар белбеу, самбо, қазақша күрес және дзюдодан Сыр елінің намысын қорғап келеді. Олардың төртеуі де белбеу күресінен әлем чемпионы мен жүлдегері.
– Алда жоспар көп, ел чемпионаты мен әлемдік бәсекелер күтіп тұр. Бұйырса, биыл самбо мен дзюдодан жүлде алу үшін барымды салуға тырысамын. Тыңғылықты жаттығып, бапкерлердің ақыл-кеңесін алып келемін. Ең бастысы, бабымды жоғалтпай, аудан мерейін үстем етуге күш саламын, – деді ол.
Осы спортшылардың ізінен еріп келе жатқан жастар да аз емес. Мәселен, еркін күрестен Аягөз, Бақытжамал және Бану есімді балуандар өсіп келеді. Жасөспірім мен жастар арасынан олар ел чемпионатында жүлдемен оралды. Олардан әлі де күтеріміз көп. Айтпақшы, осындай балуандар биігінде Гүлжан Жұманованың есімі ерекше аталуға лайық. Қазір бапкерлік қызметте жүрген оның есімі уақытысында әлемге танылды.
Соңғы 5 жылда жаңақорғандық «Сығанақ» қыздар командасы облыс біріншілігінде үнемі үздік үштіктен түспей келеді. Құнанбай Салыбековтың төл шәкірттеріне әзірге қала құрамасы ғана төтеп беруде. Ал аудандар арасынан алтын біздің қыздардың қанжығасында. Қазір алты бірдей ару Сыр елінің атынан сынға түсетін «Қайсар» командасында өнер көрсетсе, Жанерке Сейітқасым ұлттық құраманың құрамын толықтырды. Байрақты бәсекелерде ел мерейін үстем етіп, өзінің мықты екенін дәлелдеп келеді.
Қол добы, яғни гандбол спортының бұл әлі бастамасы деп білеміз. Өйткені Жанеркенің ізінен ерген жаңақорғандық қыздардың қарқыны қатты. Сол секілді волейболшы қыздар мен баскетболшы бұрымдылардың жетістігі бір төбе. Қол күрес, шахмат және каратэ спортынан орнымыз ерек. Ал зілтемірші Аянат Жұмағалиға артылар сенім мол. Қазір Алматы шаһарында жүрген Аянат қырғыз елін мойындатқан спортшы, енді ел біріншіліктерінде атой салып көреді. Алматы қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт мектеп интернатында жаттығатын жастың алға қойған мақсаты мен межесі, арманы асқақ. Ол облыс чемпионы, ауданнан шыққан алғашқы ауыр атлетші.
Жалпы жігерлі аруларымыздың бағындырар шыңы әлі алда.
Әлібек ТЕМІРБЕК
07 наурыз 2021 ж. 1 553 0