Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Лопестің шыңы

Лопестің шыңы

Күні кеше – 2 тамызда Олимпиада ойындары тарихында жаңа рекорд тіркелді. Бұған дейін бұл биіктік Александр Карелинге тиісілі еді.
Ол Сеул, Барселона, Атланта Олимпиадасында атой салса, Сиднейде күміс медальды еншілеген еді.


Карелиннен кейін грек-рим күресінің аса ауыр салмағына кубалық Михаин Лопестің бәсі биік болды. Оның дәлелі, 2008-2021 жылы өткен Пекин, Лондон, Рио-де-Жанейро, Токио Олимпиадасында қарсылас шақ келтірмеді.
Лопес Токио боз кілемінде ақтық сында грузиялық Якоба Каджаяны 5:0 есебімен басым түсіп, күрес тарихында тұғырын қозғау өте қиын меже белгілеп берді.
Сөйтіп, грек-рим күресінде 130 келідегі теңдесіз спортшы екенін дәлелдеді.
Бұған дейін Карл Вестергрен мен Александр Карелин Олимпиада ойындарының биік тұғырына 3 реттен көтерілген еді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
03 тамыз 2021 ж. 584 0