» » Мерекеде мерейі тасыған

Мерекеде мерейі тасыған

Жақында орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкері Ораз Жұматов жақсы жаңалығымен бөлісті. Оның әріптесі Ерқожа Жұмаділлаұлы кезекті еңбек демалысына шығып, Алматы қаласына сапарлайды. Осы сапар Астана күнімен тұспа-тұс келеді.

Мерекені тамашаламақ болып қаланы аралауға шыққан Ерқожа қаладағы спорттық сайыстарды тамашалайды. Ол қошқар көтерген сайыстың қасынан табылады.
Шараны жүргізуші жалпы көпшілікке қошқарды 30 реттен артық көтерген көрермен алатынын хабарлап, бақтарын сынауға шақырады. 4-5 жігіт 50 келілік қошқарды көтере бастайды. Бірақ межеге жете алмайды.
Ерқожа топқа түседі. Күш атасын танымайды демекші, ол қошқарды мойына салып, 40 рет көтереді.
Осылайша жерлесіміз Алматыны мойындатып, ұйымдастырушылардың «Алғыс хатымен» марапатталып және өзі көтерген қошқарды алады.
Салауатты өмір салтын жастайынан ұстанған Ерқожа Жұмаділлаұлы халқымыздың «Күш атасын танымайды» деген даналығында айтқандай, өзінің мықтылығын осылай дәлелдеді.
Ерқожа өз қызметіне жауапкершілікпен қарайтын, орман өрттерін болдырмау, оны қорғауды, өз бетімен орман ағаштарын кесушілермен өзге де орман заңдылықтарын бұзушылармен, орманды зиянкес жәндіктерден, аурулардан қорғау жөніндегі жұмыстарды жоғарғы деңгейде жүргізіп келе жатқан маман болып есептеледі.
Ерубай ҚАЛДЫБЕ
10 шілде 2021 ж. 425 0