№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАС ЖІГІТ ҚОШҚАРДЫ 205 РЕТ КӨТЕРДІ

ЖАС ЖІГІТ ҚОШҚАРДЫ 205 РЕТ КӨТЕРДІ


Алматыда мешітке келушілер арасында спортты насихаттауға бағытталған «Асыл мұра» бағдарламасы жүзеге асырылды.Бұл туралы спорттық-ақпараттық хабқа сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Бүгін, Ораза айт мерекесінің алғашқы күнінде, Орталық мешітте таң намазынан кейін «Асыл мұра» бағдарламасының ресми ашылу рәсімі өтті. Шараға 3 мыңнан аса қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Аталған шара барысында қошқар көтеру, арқан тарту, кір тасын көтеру, асық ату ойындары ұйымдастырылды.
Аталған ойын түрлерінде күш сынағысы келгендер саны көп болды. Жеңімпазға берілетін сыйлықтың ең үлкені – салмағы 40 келіден асатын қошқар Қазақстан ұлттық құрамасының еркін күрес бойынша спортшысы Ілияс Жұманға бұйырды. Ол қошқар көтеру ойыны кезінде қошқарды 205 рет көтеріп, шара кезінде рекорд орнатты.«Мұндай жарысқа алғаш рет қатысып отырмын. Жеңіске жеткенім үшін қуаныштымын. Қошқарды мұнан әрі де көтергім келді. Бірақ оның қажеті болмады. Себебі бәрі менің жеңгенімді айтып жатты. Өзім күреспен 8 жасымнан бері айналысамын. Сондықтан қиын болмады», – дейді Ілияс Жұман.

15 маусым 2018 ж. 935 0