Семіз қошқарды 61 рет көтерген жігіт жеңімпаз атанды
Бәйге, аударыспақ, қыз қуу, қошқар көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен өткен сайысқа Павлодар облысының әртүрлі аудандарынан келген азаматтар қатысты. «Жұртшылықтың делебесін қоздырған бәйгеде аймағымыздың түкпір-түкпірінен 15 шабандоз бақ сынады, - дейді Ақсу қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бақытгүл Еселбаева. - Бәйге он бес шақырым, бес айналымға созылды. Нәтижесінде Аққулы ауданынан келген Серік Арман мен Достық ауылдық аймағының тұрғыны Шерхан Қуанбектің тұлпарлары мәреге бірінші жетіп, екеуі бірінші орынды өзара бөлісті. Жеңімпаздарға қала әкімі Николай Дычко мототехникалар сыйға тартты. Екінші орынды Мәмәйіт Омаров ауылынан Айбар Қаратаев, үшінші орынды Ақсу қаласынан Азамат Ыдрысов иеленді. Оларға тұрмыстық техникалар тапсырылды».
60 келі қошқарды көтеруден сынға түскен 20 адамның ішінен Қызылжар ауылынан келген Ерасыл Сыздықов жеңімпаз атанған. Бойында күші тасыған азамат 61 рет мүдірместен көтерген қошқарын өзімен бірге алып кетті. Бұдан бөлек, аударыспақ, қыз қуу ойындарының жеңімпаздары да бағалы сыйлықтармен марапатталды.
inform.kz