№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Токио 2020: Ел құрамасының киімі қандай?

Токио 2020: Ел құрамасының киімі қандай?

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті Токио-2020 ойындарында арналған Қазақстан командасының киім үлгісін ұсынды. Спортшылар Олимпиада ойындарына қазақстандық және шетелдік өндірушілердің киімдерімен аттанады. Бұл жөнінде "Егемен Қазақстан" газетінің сайтында жарияланыпты. 
Киімнің дизайнері – Salta брендімен танымал Салтанат Баймұхамедова. Қазақстандық атлеттерге арналған спорттық киім үлгісін испандық Joma компаниясы жасады.
Олимпиадаға арналған форманы дайындау кезінде киім дизайны, маталар мен киім элементтерін спортшылардың өздері таңдады. Осы жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің жетекші спортшылары Олимпиадалық киім-кешектерді таңдауға арналған талқылауға, таныстырулар мен кездесулерге қатысқан болатын.
«Әрбір спортшы үшін Олимпиада ойындары – бұл спорттық мансаптағы ең маңызды оқиға, орындалған арман, көптеген жылдар бойы қажырлы және ұзақ жаттығулардың нәтижесі. Токиодағы Олимпиада ойындары – спортшылардың қазіргі буыны үшін көптен күткен оқиға. Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысты барлық мәселе өткен жылдан бастап белгісіздікпен бірге жүрді. Олимпиаданы кейінге қалдыру, локдаундар, жарыстардағы тәжірибенің болмауы, біліктілік турнирлерін кейінге қалдыру немесе жою. Біздің міндетіміз спортшыларымыз үшін барлық жағынан, соның ішінде олимпиадалық киім сияқты мәселелерде барынша қолайлы жағдай жасау болды. Сондықтан ұлттық форманы таңдау құқығы құрамына 35 спортшы кіретін комиссияға берілді», делінген ҚР ҰОК мәлімдемесінде.
«Олимпиадалық киім қандай болатынын таңдамас бұрын, спортшылардың өздерінен пікір сұрадық. Біз маталарды таңдауға қатыстық, эскиздерді талқыладық, ұсыныстар жасадық. Олимпиада ойындарында тек сыртқы түрі ғана емес, сонымен қатар киімнің тиімділігі мен сапасы да өте маңызды», деді дзюдошы, Рио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметов.
Олимпиадаға арналған спорттық киімге ұсынылған стиль – талғампаз кэжуал спорт. Дизайнерлер коллекцияның ыңғайлылығына, беріктігіне, өзектілігіне кепілдік бере отырып, ұсынылған киімдердің күтімі оңай екенін атап өтті.
Спортшылар форманы Олимпиада ойындарының ашылу шеруі мен басқа да салтанатты іс-шаралар кезінде киеді. Салтанатты форма тұжырымдамасы біздің заманауи мәдени кодымызды айқындап көрсетеді.
Маталарды таңдау кезінде жылдың осы уақытындағы Жапонияның климаттық ерекшеліктері де ескерусіз қалмады. Олимпиадалық киімдер ауаны жақсы өткізеді, ылғалды сіңіреді, тез кебеді және аллергия тудырмайды. Салтанатты киімнің негізгі түстері – көк, көгілдір және ақ түсті болмақ.


02 шілде 2021 ж. 611 0