Токио Олимпиадасы кейінге шегерілді
Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі Дик Паунд америкалық USA Today басылымына берген сұхбатында айтқан.

Халықаралық олимпиада комитеті бұл мәлімдемені жеке адамның пікірі екенін айтып, нақты шешім алдағы төрт аптада қабылданады деп отыр. Бүгінде Токиода жоспарланған Олимпиада ойындарына вирустың дендеуіне байланысты Канада және Австралия құрамалары қатысудан бас тартып үлгерді. Норвегия мен Бразилия елдері болса комитетке Олимпиаданы кейінге қалдыру туралы өтініш жолдады.
Айта кетейік, Токиодағы жазғы олимпиада 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі керек болатын.