№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН КИІМ ҮЛГІСІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН КИІМ ҮЛГІСІ

Қазақстан ұлттық құрамасы жазғы Азия ойындарына отандық өндірушілер дайындаған жаңа киім үлгісімен аттанады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Спорттық экипировка жаттығуға және шеруге арналған костюмдерден, поло, шолақ шалбар, жеңіл жейде және өзге де қажетті элементтерден құралған. Барлығы 16 бағыт бар. Форманың дизайны мен дайындалуы қазақстандық өндірушілерге тапсырылды. Формадағы киімдердің барлығы Азия ойындарын қабылдаушы мемлекет – Индонезияның климаттық ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындалды. 
Айта кетейік, Индонезиядағы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді. Ашылу салтанаты 18 тамызға жоспарланған. Құрлықтың ең басты додасына 25 олимпиадалық спорт түрінен (37 спорттық дисциплина) 410 спортшы қатысады.


24 шілде 2018 ж. 1 692 0