№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Республикаға жолдама дайын

Республикаға жолдама дайын


Қармақшы ауданында қол күрестен өткен облыс біріншілігінде жасөспірімдер жоғары нәтижеге қол жеткізді. Алтын тұғырдан көрінгендер ел чемпионатына жолдамаға ие болды. Яғни облыс біріншілігі Сыр құрамасының намысын қорғайтындарды іріктеді. Сонымен қанша жаңақорғандық жасөспірім мен ересек армрестлингші чемпионатқа жолдам алды? Кімдер жеңіс жолынан көрінді? Осыны саралап алсақ.


Шыңғыс Азнабаев баптайтын 2002-2004 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Нұрай Сапар 80 келіде ешкімге дес бермеді. Үлкен спортқа келгеніне көп уақыт өтпесе де Нұрай енді ел біріншілігінде алтынмен сүйіншілейді деп күтеміз. Ал ұлдар арасында Ернұр Исахан, Ернұр Мәтен және Ерасыл Оразбаев алтын тұғырдан көрініп, жолдамаға ие болды. 75, 80 және 80 келіден жоғары салмақта енді облыс намысын біздің жігіттер қорғайтын болады.
Сондай-ақ, Сәкен Берікұлы күмісті еншілесе, Әлсейт Мейіржан, Немат Әшімхан, Құрбанай Санжар мен Жармұхаммед Иманғали өз салмақтарында қоланы қанағат тұтты.
Ал 2005 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында жерлестерімізге тағы үш алтын бұйырды. 45 келіде Қамбар Бақдаулет пен 50 келі салмақ дәржесінде Нұрасыл Амиров және 70 келіде өнер көрсеткен Жұмат Ерсұлтан чемион атанды. Шыңғысұлы Нұрбол, Кенже, Аблаев Сұлтан, Дәрібай Серік, Амангелді Олжас пен Сайфуддин Кибарға күміс бұйырса, қолаға Сабырхан Нұрберген қол созды.
– Бұл балғын білекті спортшылар 16-18 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. Биылғы нәтиже көңіл қуантарлық. «Ат тұяғын тай басар» демекші, алдыңғы аға буынның ізін жалғап келе жатқан жеткіншектердің жеңісті жолы енді республикалық додада жалғасады деп сенеміз. Соған енід күндіз-түні жұмыс жасайтын боламыз, – деді бас бапкер Шыңғыс.
Ендігі кезек ересектерге келді. Алдымен 55 келі салмақ дәржесінде сынға түскен Аят Арман қарсылас шақ келтірмеді. Одан кейін 65 келіде өнер көрсеткен Қанжарбек Әбділдаев та алтын тұғырдан көрінді. Облыста бірнеше рет чемпион атанған Қанжарбектің асуы алда деп білеміз.
– Шыны керек, аймақтық сында да бәсекелестік өте жоғары. Қай салмақты алып қарасаңыз да кіл мықтылар. Осыдай кейін Сыр армрестлинг спорты Қазақстандағы үздік үштікке кіреді деп айтуға болады. Сондықтан бір айдан соң өтетін ел біріншілігінде барымды салатын боламын, – деді жас чемпион.
Көп күткен чемпиондықты 100 келіде Нұрман Исаев сыйлады. Енді үш спортшы да 20 ақпан күні Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында өнер көрсететін болады.
Осы орайда айта кететіні, жалпы Жаңақорғанда қол күрес спортының еңсе көтергеніне де көп уақыт өтпеді. Шыңғыс келгелі он жылдың ішінде жетістік, бағындырған беле өте көп. Республикалық, тіпті байрақты бәсекелерде ел мерейін асырып жүрген жастар жетерлік. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың спорты жақсы дамып келеді. Енді нағыз чемпиондар шығарған Шардара спорт мектебінің көшіне ілесу қалды. Сәл демеп, спортшыларға қолдау көрсетіп жіберсе аздық етпейді. Олардың жеңісі Сыр өңірінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің ортақ абыройы.
Сондықтан алдағы ел біріншілігінде біздер спортшылардан тек алтын күтетін боламыз. Егер оны жеңетін болса онда біз жігіттерді Азия чемпионатында көретін боламыз. Сәттілік тілейміз!

29 қаңтар 2020 ж. 665 0