№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Темірбек турнирінде кім чемпион атанды?

Темірбек турнирінде кім чемпион атанды?


Тәуелсіздік күні мерекесіне орай және ұлағатты ұстаз, білікті бапкер Темірбек Жарықбаевты еске алуға арналған баскетболдан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир үздіктерді анықтады. Дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде өткен дәстүрлі додаға облыстан 6 және Түркістаннан бір команда бақ сынады.


Турнирдің ашылуында №7 спорт мектеп директоры Әбдіғаппар Ашимов жылы лебізін білдірді.
– Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өтіп жатқан дәстүрлі турнирдің өсіп келе жатқан жастарымызға берері тәлімі мол. Есімі ұлықталып, еңбегі еленіп жатқан жанның рухы бір аунап тұрған шығар. Расында, ер атын еңбек шығарады. Темірбек Дүйсенбайұлы аудан спортының өрлеуіне, әсіресе баскетбол мен семсерлесу спортының мектебін қалыптастыруда үлкен еңбегі сіңді. Сондықтан бүгінгі сайысқа келген балғын спортшыларға сәттілік, ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз. Бапкер соңынан ерген жастар тек жеңіс тұғырдан көріне берсін! – деді Ә.Ашимов.
Иә, Темірбек Дүйсенбайұлы ел егемен­дік алған жылдары аудан спортының өр­леуіне өзіндік үлес қосқан бапкер. Облыс баскетболын биік тұғырға көтерілуіне аянбай еңбек ете білді. Бүгінде білікті бапкердің артында қалған шәкірттері ізін жалғап келеді. Солардың қатарында Қанат Айдаров пен Дильяра Мұсаевадан тәлім алатын ұлдар мен қыздардан құралған аудан жастары командасы облыс біріншілігінде алтын тұғырдан көрініп жүр.
Дәстүрлі турнирдің ашылуында білікті бапкердің әпкесі Анаркүл Жарықбаева ізгі тілегін, ыстық ықыласын білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі. Әрі, жарыстың өтуіне үлес қосып жүрген Темірбектің шәкірттеріне алғысын жеткізді.
Сонымен 7 команда жарыс жолына шықты. Жарыстың фовариттері саналған түркістандық баскетболшылар алғашқы ойын­нан-ақ үздік екендерін көрсетті. Ауданның және Қызылордадан келген команданы жарыс жолынан шығарған Түркіс­тан жастары ақтық сында Жаңақорған жігіттерін жеңіп, алтынды тағынды. Ал, қола Қызылорда облысынан келген жастарға бұйырды.
– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Бұл жолы тек ұлдар ғана бақ сынады. Жарыстың жыл сайын деңгейі өсіп келеді. Алдағы уақытта мүмкіндік болса өзге де өңірлерден командалар шақырып, турнир дәрежесін биіктету ойда бар. Келген командаларға алғыс білдіреміз, – деді Жаңақорғанның ұлдар командасының бапкері Қанат.
Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен, грамоталарымен және демеушілердің тағайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
20 желтоқсан 2019 ж. 801 0